ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАНЫСУ ТУРЫ ӨТЕДІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАНЫСУ ТУРЫ ӨТЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 жыл ішінде орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш егу тапсырмасының орындалуы бойынша, Қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен танысу туры өткізіледі. Іс-шара қар жамылғысы кетісімен еліміздің әр өңірінде кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Нақты уақыты ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жеке сайтында және әлеуметтік желілірінде жарияланатын болады. 
 
Шарада Қоғамдық кеңестің өкілдері 2021 жылы атқарылған жұмыстармен және 2022 жылы іске асырылатын орман екпелерін молықтыру шараларымен танысады. 
 
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы 66 мың гектар аумақта 138 млн. дана ағаш отырғызылып, жоспар асыра орындалды. Биыл 111,5 мың гектар аумақта 278,8 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған. 
 
Танысу-турына қатысу үшін төменде көрсетілген нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз.
Мақсат Насыр  тел: 8 (708) 596 24 57
 
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі