Орталық Азияда ғана кездесетін «Түркістан сілеусіні» Алматы қорығында қойылған фототұзаққа ілінді

Орталық Азияда ғана кездесетін «Түркістан сілеусіні»  Алматы қорығында қойылған фототұзаққа  ілінді

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағының Оң Талғар шатқалына орнатылған фототұзаққа сілеусін ілікті. Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына  (1996) тіркелген. Фототұзақтағы сілеусін 2021 жылдың 23-ші желтоқсан күні түскі уақытта түскен.  Оның Сібір елігін аңдып жүргені анық байқалады, себебі еліктің бақырған дауысын фототұзақтан анық естуге болады. Маңызды мәліметтер желтоқсан айының соңында ғылыми қызметкерлердің қорық аумағындағы аңдар мен құстарға мониторинг жасау мен фототұзақтарды бақылап-тексеру кезінде анықталды.