
ҚР Сенат депутаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын қабылдады.
Заң жобасында қоғам белсенділері мен депутаттардың пікірлері ескерілді.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов бүгін Парламенттің пленарлық отырысында Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес осы заң жобасы әзірленгенің хабарлады.
Заң жобасын әзірлеу алдында азаматтық сектормен бірлесіп әлемдік тәжірибені зерделеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, жануарлар санын реттеудің ең адамгершілік әдістерінің бірі қабылданды.
Бұл заң жобасы қоғамда жануарларға жауапкершілікпен қарауды үгіттейді.