
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері мен бағынысты мекеме мамандары мемлекеттік наградалармен мараптталды.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында өз саласының білікті мамандары Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті биылғы жылды үздік көрсеткіштермен түйіндеді.Қазақстандағы орман қоры 25 пайызға үлкейген.
Биылғы жылдың ең үздік жаңалығы «Ұлытау» мемлекеттік паркінің құрылуы.
Осындай игі істердің басы қасында жүрген 25 адам ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мемлекеттік төс белгісімен марапатталды. 1 адам Президенттің Құрмет грамотсын иеленді. «Ерен еңбегі» төс белгісімен 3 адам марапталса, Құрмет орденің бір адам алды. 4 адам министрдің Құрмет грамотасын, 4 адам министрдің Алғыс хатымен марапатталды.