Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатындағы жұмыстар

Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатындағы жұмыстар

  

 

         Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Жаһандық экологиялық қор қаражатынан қаржыландыратын Қазақстанның ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі ВБ-ГЭФ-7 жобасын іске асыру бойынша Арал теңізінің құрғаған табанының қазақстандық бөлігінде жұмыс жалғасуда.

Аталған жоба 2021 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің тұрақты өкілдігі арасында қол қойылған байланысты емес грант туралы Келісім шеңберінде 2025 жылға дейін іске асырылатын болады.

Жобаның іс-шараларын іске асыру жөніндегі функциялар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктелген.        

Жалпы жобамен келесі іс-шаралар қарастырылады:

  1. Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғаған түбіндегі 500 мың гектар алқаптағы мемлекеттік орман қорының жерлерін картаға түсіру;
  2. Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғаған түбінде 100 мың гектар алқапта орман өсіру үшін жобалау-іздестіру жұмыстары;
  3. Қызылорда облысының Қазалы орман мекемесінде жыл сайынғы 4,0 млн. дана сексеуіл көшетін өнімділігімен, алаңы 33,0 га орман питомнигін құру;
  4. Қызылорда қаласының айналасында 3,0 мың га алаңда қорғаныштық екпелер құру;
  5. Қызылорда облысында жалпы ауданы 15 га-дан әрқайсысы 5 га-дан 3 модельдік агроорман өсіру учаскелерін құру;
  6. Жамбыл облысында әрқайсысы 20 гектардан жалпы ауданы 120 га агроорман өсірудің 6 пилоттық жобасын құру;
  7. Қызылорда облысының Қазалы орман мекемесі және Жамбыл облысының Қосқұдық орман мекемесі үшін орман шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу;
  8. Қызылорда және Түркістан облыстарында 140 мың га алаңда есепке алынбаған ормандарды (ғарыштық түсіру мен орман орналастыруды қоса алғанда) түгендеу;
  9. Щучинск қаласындағы «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК базасында орман тұқымдарының генетикалық банкін құру.

         Қазіргі уақытта жобаны іске асыру тобы жобалау учаскелерін анықтады, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындауға техникалық тапсырмалар, сондай-ақ орман шаруашылығы техникасы мен жабдығына техникалық ерекшеліктер жасалды.

         Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ жобалық аумақтардың жергілікті қоғамдастығымен жобаның әлеуметтік-экологиялық маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізілді.

         Жоба іс-шараларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру үшін жергілікті жерлерде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

         2022 жылдың бірінші тоқсанында жобалау-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін мүдделі жобалау ұйымдарын, орман шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізушілерді тарта отырып, жобаны іске асыру бойынша конкурстық рәсімдер, сондай-ақ агроорман шаруашылығын дамыту үшін фермерлік шаруашылықтарды іріктеу жүргізілетін болады.

         Жобаны іске асыру республиканың ормандылығын ұлғайтуға, Қызылорда және Жамбыл облыстарының орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ететін болады.

Қызылорда қаласының айналасында қорғаныштық екпелер құру желдің теріс әсерін, жердің тозуын азайтады және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады.

Осы шаралардың барлығы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде орман шаруашылығы жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.