
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, 2020 жылғы 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруды тапсырды. Бес жыл ішінде еліміздің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды жүктеді. Оның ішінде Жамбыл облысында мемлекеттік орман қоры жерлерінде «2021-2025 жылдарға Ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарына сәйкес 140 806,3 мың.дана ағаш отырғызу жоспарланды. Ал облыстың елді мекендерінде бес жылда «Облыстың елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі өңірлік жоспарына сәйкес 970 мың.дана ағаш отырғызу көзделген.
2021 жылы орманды молықтыру және қалпына келтіру бойынша жоспарға сәйкес 7100 га жерге орман егу жұмыстары жоспарланды. Яғни, көктемде орман екпелерін толықтырумен бірге жалпы саны 3300 га жерге 6 млн 214 мың.дана ағаш (2755 га сексеуіл - 5015 мың.дана және 545 га қарағаш-1199 мың.дана) көшеттері отырғызылды. Облыс бойынша кешенді жоспар 100% -ға орындалды. Сонымен қатар, күз айларында мемлекеттік орман қорында сексеуіл тұқымдарын себу іс-шаралары бойынша 4000 гектарға 20000 кг сексеуіл ағашының тұқымын себу жұмыстары жоспарланған (4,4 млн дана). Қазіргі уақытта қажетті сексеуіл тұқымдарын 48985 кг жинау жұмыстары аяқталды. Алдағы аптада облысымызда орман қорын молайту мақсатында жаппай сексеуіл тұқымын себу жұмыстары басталады.