
Бүгінгі күні Қарағанды облысының ауданы 42 млн.798 мың 200 га құрайды, оның ішінде облыстың мемлекеттік орман қоры 614 мың 700 га (оның ішінде орманмен қамтылған ауданы – 152 мың 600 га) алып жатыр, осылайша, орманды алқап облыстың барлық ауданының 0,36% құрайды. Облыстың орман қоры төмен таулардағы шағын орман алқаптарымен және бүкіл аумаққа таралған шоқ ормандармен ұсынылған.
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайын жақсарту және ормандылығын арттыру үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 5 жыл ішінде республикамыздың орман қоры аумағында 2 млрд.астам ағаш отырғызуды тапсырды.
Біздің облыстың орман қоры аумағында 5 жыл ішінде 100 млн.ағаш отырғызу жоспарлануда. Осы мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін іс-шаралар кезең-кезеңімен көрсетілген, Қарағанды облысының ормандарын молықтыру мен орман өсірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын әзірлеп бекітті.
Ағаш отырғызу үлкен көлемді жұмыстарды қамтиды, соның ішінде орман екпелерін отырғызуға жарамдылығын анықтау үшін мамандандырылған ұйымдармен жобалау-іздестіру жұмыстарын (топырақты зерттеу) жүргізу.
2021 жылы толықтыру есебімен 446,3 га аумаққа 1728,79 мың дана орман екпелері отырғызылды, оның ішінде көктемде 225,3 га аумаққа 970,8 мың дана көшеттері, күзде 221 га аумаққа 757,99 мың дана көшеттері отырғызылды.
Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығында – 351 га аумаққа 1262,99 мың дана көшет, Ақтоғай орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығында – 32 га аумаққа 133,4 мың дана, Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қу шаруашылығында – 25 га аумаққа 106,6 мың дана, Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығында – 35 га алаңға 215,2 мың дана, Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ұлытау шаруашылығында 2 га аумаққа 6,6 мың дана көшет және "Бұйратау" МҰТП - да-1,3 га аумаққа 4,0 мың дана көшет отырғызылды.
2021 жылы Қарағанды облысы, жоспар бойынша 7500 кг көлемінде орман тұқымдары жиналды.
Оның ішінде мекемелер бойынша:
- «Қарағанды ОЖДҚШ" КММ-3800 кг;
- «Ақтоғай ОЖДҚШ» КММ - 1800 кг;
- «Жаңаарқа ОЖДҚШ» КММ - 1100 кг;
- «Кувское ОЖДҚШ» КММ-800 кг.
Осылайша, Қарағанды облысында 2021 жылға жоспарланған орман екпелерін отырғызу және тұқым жинау көлемі толық көлемде орындалды.
Қарағанды областық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы