
БАҚ өкілдеріне баспасөз туры ұйымдастырылды.
2021 жылдың 17 қарашасында Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, Қазақстан
Республикасының ЭГжТР министірлігінің қолдауымен БАҚ өкілдеріне
баспасөз туры ұйымдастырылды.
Мемлекет Басшысы Қ.Қ.Тоқаевтын республика аумағына алдағы 5 жыл
ішінде 2 млрд. ағаш егу жолдамасын орындау мақсатында БАҚ өкілдері келесі
жылға жер дайындау жұмыстарымен танысты.
Облыс бойынша алдағы 5 жылда орман қоры жерлеріне 30744 га алқапқа
60,2 млн.түп ағаш отырғызу бекітілді.
Үстіміздегі жылы 1181 га алқапқа 2059,0 мың.түп ағаш отырғызу
жоспарланып, 1214 га алқапқа 2136,0 мың.түп екпе отырғызылды.
Орманмен көмкерілген алқапты арттырудың басты тетіктерінің бірі –
жерді сапалы әзірлеу, стандартты екпе материалдарын әзірлеу және сапалы
күтім жұмыстарын жүргізу.
Облыс әкімінің қолдауымен 2020-2021 жылдары 910,0 млн.теңге
бөлініп, ағымдағы жылы 13 бірлік жер жырту техникалары (3-4 т) аспалы
құралдарымен, ауырлық класы 1,4 тонна 22 трактор, 4 сорғы санциясы, 16 дана
орман отырғызу машиналары сатып алынды. Осыған қоса, тәлімбақтарда екпе
материалдарын өсіруге 81 штат (оның ішінде 52 маусымдық жұмысшылар,
орман шеберлері, тракторшылар, моторшылар, күзетшілер) алуға қаржы
бөлінді.
Орман тәлімбақтарының ауданы 117 гектарға арттырылып (2020 ж – 47
га), сеппе бөлімдері толықтай тамшылатып суару жүйесімен қамтылды.
Ағымдағы жылы орман тәлімбақтарында 11020,6 мың.түп (қайың – 4, терек –
6, Үйеңкі - 246,7, шаған – 830,3, қарағаш – 9085, қара сексеуіл – 600, жиде –
130,1, орман алмасы – 4,7, қара қарақат – 113,8) стандартты екпе
материалдары мен көшеттер өсіріліп шығарылды.
Кешенді жоспармен 11007,2 га алқапқа қара пар әдісімен жер дайындау
жұмыстарын жүргізу белігіленіп, соның ішінде 2022 жылға 5795 га, 2023
жылға 5212 га. Қазіргі таңда 7006 га алқапта жер дайындал