
Атырау облысының аумағында ормандарды молықтырудың кешенді жоспарын іске асыру туралы мәліметтер
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі орман қорында бес жыл ішінде 2 млрд.астам ағаш отырғызуға қатысты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін Атырау облысында 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспары әзірленді. Осы жоспарда 2021-2025 жылдары 2803 га алаңда жапырақты тұқымдықтардың 7 млн. 75 мың дана екпе ағаштарын құру көзделген.
Ағымдағы жылдың ағаш отырғызу кезеңінде Атырау облысының әкімдігіне қарасты 4 орман шаруашылығы мекемелері жалпы ауданы 309 га, отырғызылған отырғызу материалдарының саны 905 мың дана егіп толықтай 100% аяқтады:
Атырау облысы бойынша барлық орман иеленушілер орман дақылдарын толық көлемде отырғызды.
2021 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша орман иеленушілер орман тәлімбағында 1,4 га алаңға 700 кг орман тұқымын септі, 1750 кг орман тұқымын жинады.
Сонымен қатар, отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында облыста жеке отырғызу материалдарының көлемін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Облыста жалпы ауданы 5 га болатын 4 орман питомнигі (3 уақытша) жұмыс істейді, қосымша көшет көлемін ұлғайту үшін Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жалпы ауданы 5 га болатын 1 жаңа тұрақты орман тәлімбақтарын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің орман шаруашылығы мекемелері жұмыс істеп тұрған уақытша тәлімбақтардың алаңдарын кеңейту және ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізді.
Тұрақты орман тәлімбақтарын құру Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін қажетті отырғызу материалымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта орман шаруашылығы мекемелері 2022 жылғы егілетін 543,5 га аумақтың жерін әзірлеуде.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы