
"Қостанай облысының 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсіру кешендік жоспарының" іске асыруы туралы 2021 ж. қараша айының 18 жұлдызы жай-күйіне қатысты ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021-2025 жылдары мемлекеттік орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысының әкімі – А.Б. Мухамбетовпен бекітілген «Қостанай облысының 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсіру кешендік жоспары» орындалуда. Осы жоспармен 2021-2025 жылдары 28793,8 га алқапта 160 686,2 мың дана қарағай және қайын көшеттерінің егілуімен орман дақылдарын қалыптастырылуы көзделіп тұр.
Кешендік жоспарын орындау мақсатында облыстық әкімшілігінің орман шаруашылығы мекемелерімен ағымдағы 2021 жылы атқарылған жұмыстары келесі көрсеткіштерді құрады: 2021 жылдың көктем маусымында орман шаруашылығы мекемелерімен 682,1 га алқап орман қорында орман дақылдары егілді (жоспар бойынша – 677 га), сондай-ақ 682,1 га аумақта қосымша орман дақылдарымен толықтырылды. Осы жұмыстарды орындаумен байланысты 4562,1 мың дана көшеттер (қарағай және қайын)орман қорында егілді. Орман шаруашылығы мекекмелерінің 10 орман питомниткерінің жеке отырғызу материалдарды орман отырғызу үшін пайдаланылды.
2021 жылдың күзгі маусымында орман дақылдары 7,1 га алқапта отырғызыла келе көшеттер саны 47,4 мың дананы құрады, сондай-ақ 222 га алқапта 262 мың дана көшеттері қосымша орман дақылдары отырғызылды.
Жалпы 2021 жылы орман қорында 689,2 га алқапта орман дақылдары егілді, көшеттер саны 4142 мың дананы құрады (жоспар бойынша 3981,6 мың дана); орман дақылдарын толықтырылуы 551,2 га алқапта жүргізілді және де 716 мың дана көшеттері отырғызылды (жоспарланған саны 716 мың дана). 2021 жылы жалпы қарағай және қайын көшеттерінің отырғызылған саны 4836 мың дананы құрады.
«Қостанай облысының 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсіру кешендік жоспарын» орындау мақсатында облыс орман иеленушілерімен орман дақылдарын отырғызу және орман дақылдарын толықтырумен байланысты жұмыстары ағымдағы жылы толығымен орындалды.
Қостанай облыстық
орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясы