
Ағымдағы жылдың 11 қарашадан бастап 16 қарашаға дейін ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш отырғызуға қатысты Жолдауын орындауда мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш отырғызу мәселесі бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылып, өткізілді.
Баспасөз турдың шеңберінде БАҚ өкілдері Асу-Бұлақ, Самар орман шаруашылығы мекемелеріне барып, тәлімбақтарында тұқым себу, орман қоры жерлерінде ағаш отырғызу бойынша жұмыстарымен танысты. Республика бойынша ең үлкен орман резерваты «Семей орманы» аумағындағы Канонер филиалында орналасқан Орта Азияда аналогы жоқ орман тәлімбақ кешені мен ағаш тұқымының бекетімен танысты. Бұл жерде инновациялық технологиялық швед жабдықтауында жыл сайын 3 млн. дана жабық тамыр жүйелі сеппе көшеттер өсіріледі. Кәдімгі қарағайдың сеппе көшеті 2 жылдың ішінде емес, 70 күннің ішінде өсіп шығады, бұл кешенде 5 жылдың ішінде қарағайдың 15 миллион сеппе көшетін өсіріп шықты.
Ағымдағы жылдың 16 қарашада БАҚ өкілдеріне қорытынды баспасөз маслихаты өткізілді. Баспасөз маслихаты спикерлері Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Д. Т. Оразбаевпен, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М. М. Құсаиновпен, Инспекция және Басқарма мамандары Д. И. Асылхановпен және С. М. Кабдрахмановамен Шығыс Қазақстан облысы аумағында ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша 2021-2025 жылдарға кешенді жоспарды жүзеге асыру туралы толық ақпарат айтылды.
Жоспарға сәйкес бес жыл ішінде облыс аумағында 40,6 мың гектар алаңда 196,8 млн. әр түрлі тұқымдылардың көшеттерін отырғызу жоспарланды.Оның ішінде 2021-2025 жылдары орман шаруашылығы коммуналдық мекемелерімен 15 мың га алаңда 76 млн. ағаш, «Семей орманы» мемлекеттік орман резерватының аумағында 25400 га алаңда 119,4 млн. ағаш, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің аумағында 198 га алаңда 792 мың ағаш отырғызылатын болады.
Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында 2021 жылы облыстың орман және табиғат қорғау мекемелері 4151 га ауданға орман дақылдарын отырғызды және өткен жылдардағы екпелерді толықтыруды ескере отырып, 23 млн. 581 мың дана ағаш отырғызды. «Семей орманы» резерватымен 3600 га ауданға 20 млн. 810 мың дана ағаш отырғызылды. Катонқарағай ұлттық табиғи паркімен 38 га ауданға 184 мың дана ағаш отырғызылды. ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 13 орман шаруашылығы коммуналдық мекемелерімен 584 га жерге 2 млн. 400 мың дана көшет отырғызылды.
Одан басқа спикерлермен БАҚ өкілдеріне жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқанжапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын қорғау туралы, орман ресурстарын өңдеу және ағаштардың тез өсетін түрлерін өсіру бойынша жобаларды жасау, орманшылардың төмен жалақысы, заңсыз ағаш кесу фактілері, шетелдік туристтік аң аулау өткізу бойынша және тағы басқа сұрақтарға жауап берілді.