
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 01 қыркүйектегі орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызуға қатысты Жолдауын іске асыру мақсатында Премьер-Министр орынбасарының тапсырмасы бойынша "Павлодар облысында ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары"әзірленді және бекітілді.
5 жыл ішінде әкімдіктің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 5 280 га – 31 891,5 мың дана кәдімгі қарағай көшеттерін отырғызу жоспарланған - нәтижесінде отырғызу алаңы 17 есеге ұлғайтылады:
2021 жыл – 120 га, 533,3 мың дана,
2022 жыл – 350 га, 2 068,4 мың дана,
2023 жыл – 1 250 га, 7 342,5 мың дана,
2024 жыл – 1 560 га, 9 628,0 мың дана,
2025 жыл – 2 000 га, 12319,3 мың дана.
2021 жылы 120 га жерге отырғызу жүргізілді, "Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" КММ аумағында осы іс-шараларды қаржыландыру облыс бюджетінде көзделген.
Чернорец орманшылығы, № 35 орам, 2 телім, № 18 орам, 1 телім, Павлодар-Омбы автожолының бойында, 3,0 м х 0,75 м сызба.
Орман дақылдарын күзгі түгендеу қорытындысы бойынша "Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" КММ орман дақылдарын сақтау 112,2 га (92%) құрады.
Тұқымбақтар құру
2023 жылдан бастап отырғызу көлемі айтарлықтай өсуде – 10 есе (1250 га, 7342,5 мың дана). Бүкіл республика бойынша отырғызу материалы тапшылығының қалыптасып отырған жағдайына байланысты мекемелерді қажетті көшет көлемімен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 6,25 га алаңда 3 уақытша тұқымбақ құрылды, бұл 2023 жылы 7,5 млн.дана көлемінде 2 жылдық қарағай көшеттерін алуға мүмкіндік береді (1 га-дан шығу – 1,2 млн. дана). Ағымдағы жылдың көктемінде 2 гектарға қарағай тұқымын себу жұмыстары жүргізілді, қалған көлемі күзде егілді.
2023 жыл егер жоспар бойынша 1250 га жерге отырғызу көзделсе, 7342,5 мың дана отырғызу материалына қажеттілік бар. Осы тұқымбақтардың есебінен орман қорғау мекемелері өздерінің отырғызу материалдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 2022 жылы 350 га жерге 2068,4 мың дана қарағай көшеттерін отырғызу жоспарланған. Отырғызу материалы сатып алынады.
2 га алқаптағы уақытша орман тұқымбақтарын түгендеу нәтижелері бойынша бір жылдық екпелердің жалпы саны 1227,0 мың дана қарағай екпелерін құрады.
Сондай-ақ, ЖҚПҚОжСР басқармасы "Павлодар мекемесінің аумағындағы тұрақты орман тұқымбағын қайта құру" ЖСҚ-ны түзетуде. Тұқымбақтан отырғызу материалының жоспарлы шығуы 2024 жылы – 6,1 млн.дана, 2025 жылы – 12,5 млн. дана болады.
Тұрақты орман тұқымбағын құру мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін мекемелерді 2023-2025 жылдар аралығында қажетті отырғызу материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде әкімдіктің орман қорғау мекемелеріне 2022 жылға арналған облыс бюджетінде келесі техника мен жабдықтарды сатып алуға 73,6 млн. теңге қарастырылған:
- 3 бірлік трактор - 48 420,0 мың теңге соммасына (бір бірлігі үшін 16 140,0 мың теңге);
- 3 бірлік ағаш отырғызатын машина - 14 400,0 мың теңге соммасына (бір бірлігі үшін 4 800,0 мың теңге);
- 3 бірлік соқа - 2 940,0 мың теңге соммасына (бір бірлігі үшін 980,0 мың теңге);
- 3 бірлік құндақтау қалқандарын дайындауға арналған Таспалы аралар - 3 600,0 мың теңге соммасына (бір бірлігі үшін 1 200,0 мың теңге);
- 3 бірлік пилотсыз ұшу аппараттары - 4 230,0 мың теңге соммасына (бір бірлігі үшін 1 410,0 мың теңге).
Мемлекеттік орман қорында әкімдіктің орман мекемелерінен басқа, республикалық табиғат қорғау мекемелері – "Ертіс орманы" резерватында және Баянауыл ұлттық паркінде, ағымдағы жылы 2 985 га алаңда орман дақылдары отырғызды, бұл шамамен 13 млн. түп көшет:
- "Ертіс орманы" мемлекеттік резерваты-2 888 га (12,8 млн. дана);
- Баянауыл ұлттық паркі-37 га (174,0 мың дана).
Нәтижесінде 5 жыл ішінде облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 19 605 га алаңға 95,4 млн. жасыл желек отырғызу жоспарлануда.