
Бүгін аймақта ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды.
Мақсаты- Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырмасын жүзеге асыру.
Аталған шара барысында журналистер сексеуіл тұқымын жинау жұмыстарымен танысты.
Бүгінде қажетті тұқымның 130,0 тоннасы дайындалды. Сондай-ақ, 16229 га жерге сексеуілдің табиғи өсуіне жәрдемдесу шаралары жүргізіліп, сексеуіл екпелерін әуеден себуге арналған учаскелерінде топырақ дайындау жұмыстары аяқталды.
Биыл теңіздің құрғаған ұлтанына 100 мың га сексеуіл егу жұмыстары жоспарлануда.
Айта кетейік, бүгіннен бастап 19903 га механикалық тәсілмен себу жұмыстары басталды. Ал әуеден себу жұмыстары желтоқсан айында жүргізіледі.