
Алқа отырысына аумақтық инспекциялар мен бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары қатысты. Күн тәртібінде, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2021 жылдың
10 айлық қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері қаралды.
Алқа отырысында әр басқарма басшысы өз саласы жөнінде баяндамаларын оқыды. Жиын соңында Комитет төрағасының міндетін атқарушы Е.Құтпанбаев алқа отырысында қаралған мәселелерді қорытындылап, айтылған сын – ескертпелерді назарға алуды және бірқатар тапсырмаларды тапсырды.