Еңбек сіңірген орман өсіруші мараптталды

Еңбек сіңірген орман өсіруші мараптталды

ҚР Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Құтпанбаев Ерлан Нұрғанатұлы 30 жылға жуық өмірін Орман шаруашылығы саласына арнаған Жанатаев Ережеп Ертайұлын «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен марапаттады.

Күні кеше ғана кәсіби мерекесін атап өткен орман шаруашылығы қызметкері үшін бұл марапат үлкен сый болды.

Ережеп Жанатаев жоғары білімді орман шаруашылығы инженері.Өз қызметін сонау 1980 жылдары бастаған ардагер Орманшы бүгінгі күнге дейін үздіксіз бір салада қызмет атқарған.Бүгінгі таңда Ережеп Жанатаев Солтүстік Қазақстан облысының териториялық инспекциясының жетекшісі.

Жиында сөз алған комитет төрағасының міндетін атқарушы Е.Құтпанбаев Ережеп Жанатаевтың орман шаруашылығы саласына қосқан үлесіне тоқталып, салтанатты түрде «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен марапаттады.