
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының ардагері, Қорғалжын ауданының құрметті азаматы, «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығын 20 жыл басқарған ардақты әріптесіміз Мұрат Серікұлы Айтжановтың өмірден озғаны туралы терең күйзеліспен хабарлаймыз.
Мұрат Серікұлы өмірінің 20 жылдам астан уақытын еліміздің экологиялық ақуалын арттырып, табиғи құндылықтарын сақтау жолына арнап, «Қорғалжын» табиғи қорығын 1994-2014 жылдар аралығында абыроймен басқарған.
Өзінің табысты еңбегі үшін түрлі наградаларды иеленіп, Қорғалжын ауданының құрметті азаматы атанды. Зейнетке шыққан соң да артынан ерген сала мамандарына бағыт-бағдар беріп, үлгі-өнеге көрсетті.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Мұрат Серікұлы Айтжановтың дүниеден өтуіне байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.