Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу өткізілетінін хабарлайды.
Аккредиттеу «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілеттіктерін қуаттау үшін жүргізіледі.
Аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы аккредиттеу органының шешімі өтініштер мен құжаттар қабылданған сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде қабылданады.
Аккредиттеуге қатысуға өтініш пен құжаттар мына мекенжай бойынша ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне беріледі:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі»,
№ 1 кіреберіс, 4-қабат, 402-кабинет.
Аккредиттеу туралы ақпарат пен анықтаманы тел: 74-99-22
е-майл: a.abdrakhmanov@ecogeo.gov.kz, байланыс жасаушы тұлға Асқар Оразбайұлы Абдрахманов арқылы алуға болады.