Шарын шатқалындағы төтенше жағдай

Шарын шатқалындағы төтенше жағдай
 
2021 ж.29 мамырда сағат 13:35-те Шарын шатқалының туристік бағытында ауа райының кенеттен өзгеруінен (15 мин. ұзақтығымен нөсер жаңбыр) төтенше жағдай орын алды. Шатқалдың ішінде сел-сел тасқыны пайда болды, оның салдарынан адамдар зардап шекті.
Жарақат алған 6 адам аудандық ауруханаға жеткізілді, 2 - орнында қайтыс болды, 1-хабар-ошарсыз кетті.
2021 жылғы 30 мамырда сағат 9:34 шамасында жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұлттық парк инспекторларының құтқару тобы 2010 жылы туған қыз баланы құтқарды. Оны оқиға орнынан 3-4 шақырым жерде Шарын өзенінің сол жағалауынан тапты.
Жедел-іздестіру жұмыстарына ұлттық парктің 20 қызметкері, 5 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.