Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №447 Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені және халық пен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке деген көзқарасы сауалнамасы мен мемлекеттік қызметшінің оң әдептік бейнесін қалыптастыру бойынша 12.04.2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитететінің мемлекеттік қызметшілерімен семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында жоғарыдағы жарлықтан және белгіленген заң талаптарынан туындаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкеркерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы кеңестің
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласы № __ 12 сәуір 2021жыл
Төрағалық:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілі Агибаев Жанибек Есенұлы.
Қатысқандар:
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының орынбасары-комитеттің әдеп жөніндегі уәкілі: Құтпанбаев Ерлан Нұрқанатұлы
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметшілері.(тізім бойынша)