Осыдан біршама уақыт бұрын Ресей Федерациясы, Воронеж облысының тұрғыны Ю.П.Чугреев есімді азамат Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арнап «Мәңгілік бақ» жасап жатқанын баяндай отырып, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына хат жазып, сирек кездесетін ағаш тұқымдарын алуға септесуді өтінген болатын. Азаматтың жазған хатына сүйенсек, «Мәңгілік бақ» ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі ағаштар жинақталып келеді екен.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ю.П.Чугреевтің хатында сұратылған 10 дана сексеуіл, 3 дана алма ағашы (Апорт), 3 дана көкшіл шыршасын қолда бар тұқымбақтардан алып ұсынуға дайын екенін жеткізген.
Ал, бұл ағаштарды Ресей Федерациясына жеткізу жұмыстарын ҚР Қорғаныс министрлігі қолға алғанын ескере кетуіміз керек.
Қазіргі таңда, аталған түп ағаштар Орал қаласына жетізілген. Алдағы уақытта Воронеж облысына жеткізілетін болады.