Қызыл кітапқа енген балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

Қызыл кітапқа енген балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
 
Оқиға ақпан айының 2-сі күні орын алған. «Охотзоопром» ӨБ» инспекторлары рейдтік іс - шаралар өткізу кезінде Алматы облысы Қаратал АПБ полиция қызметкерлерімен бірлесіп Үшкөл-Үштөбе жолында Тойота маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Автокөлікте заңсыз ауланған 52 кг-ға жуық балық анықталған. Оның ішінде Қызыл кітапқа енген Балқаш алабұғасы да бар. Заңсыз ауланған балық толғымен тәркіленген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.