Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нариман Талғатұлы Жүнісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Нариман Жүнісов 1981 жылдың 4 сәуірінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының Омбы облысында дүниеге келген.
2003 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «балық өнеркәсібін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының балық аулауды және басқа да су жануарларын аулауды реттеу бөлімінің бас маманы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің балық шаруашылығы және су биологиялық ресурстары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу және ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы қызметінде болған.
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.