
2020 жылғы 21-23 Желтоқсанда бейнеконференцбайланыс арқылы Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның төртінші отырысы өтеді, оған бес Каспий маңы елдері (Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) өкілдері қатысады.
Ұйымдастырушы ел-Иран Республикасы.
Бұл отырысқа Қазақстан тарапынан ресми өкіл - Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Жүнісов Нариман Талғатұлы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі, сондай-ақ мамандандырылған ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысады.
Отырыста қатысушы елдер өкілдерінің Каспий теңізінің биоресурстарын 2019 жылы пайдалану туралы есептері, олардың теңіздегі ғылыми зерттеулерге негізделген қазіргі жай-күйі, 2021 жылға арналған балық аулау квотасын бекіту және су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған басқа да мәселелер қаралады.
Комиссия жұмысы жалғасуда.