
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы аясында Ақсу құз-шатқалындағы жаңа көру алаңы салтанатты түрде ашылды. Ақсу құз-шатқалы — қорықтың ең танымал табиғи нысандарының бірі. Тереңдігі 300–500 метрге, ал жоғарғы бөлігіндегі ені 800 метрге дейін жететін алып шатқал өзінің ерекше көрінісімен таңғалдырады. Енді келушілер жаңа көру алаңынан Ақсу шатқалының кең панорамасын тамашалап, оның табиғи ерекшеліктерімен жақынырақ таныса алады. Жаңа нысан табиғатты қауіпсіз тамашалауға және қорықтағы экологиялық туризм мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. 100 жыл бойы қорғалған табиғатты — жаңа қырынан тамашалауға мүмкіндік.