«Сарықопада» күзгі мониторинг жүргізілді

«Сарықопада» күзгі мониторинг жүргізілді

«Сарықопада» күзгі мониторинг жүргізілді «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының «Сарықопа» учаскесінде 2026 жылғы күзгі ғылыми-мониторинг жұмыстары жүргізілді  Далалық жұмыстар барысында мамандар сүтқоректілерге есеп жүргізіп, фототұзақтар орнатты. Сондай-ақ өзендер мен көлдердің деңгейі мен жалпы жағдайы, өсімдік жамылғысы және табиғи экожүйелердегі маусымдық өзгерістер бақыланды  Мониторингтің маңызды бағыттарының бірі — жануарлардың маусымдық қозғалысы мен көші-қон бағыттарын бақылау. Жиналған ғылыми деректер SMART жүйесі арқылы тіркелді  Нәтижесінде сүтқоректілер фаунасының жалпы жағдайы тұрақты деп бағаланды. Көші-қон жолдары сақталған, табиғи экожүйелердің жағдайында елеулі өзгерістер анықталған жоқ  Осындай тұрақты бақылау табиғатта болып жатқан өзгерістерді дер кезінде анықтап, биоалуантүрлілікті сақтау үшін қажетті ғылыми деректерді жинауға мүмкіндік береді