
Күзде орман тыныштығын маралдың ерекше дауысы бұзады. Бірақ ол жай ғана дыбыс емес Бұл кезеңде аталық маралдар аналықтарды шақырып, қарсыластарына өзінің бар екенін білдіреді. Күйек кезінде олардың мінез-құлқы өзгеріп, аталықтар арасындағы бәсекелестік те күшейеді Кейде маралдың дауысы орман ішінде алыстан естіледі. Бұл — табиғаттағы ең әсерлі күзгі құбылыстардың бірі Карусельді парақтаңыз — маралдың күзде неліктен дауыс шығаратынын бірге білейік #ТабиғаттыТаны — табиғаттың біз байқамайтын сырлары туралы жаңа айдар.