5 қыркүйек — Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні

5 қыркүйек — Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні

5 қыркүйек аңшылық шаруашылығында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.  Олардың күнделікті жұмысы — жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және мониторинг жүргізу, браконьерліктің алдын алу, аңшылық алқаптардағы табиғи тепе-теңдікті сақтауға атсалысу.  Бұл жұмыстың көп бөлігі елді мекендерден шалғайда, дала мен орманда өтеді. Ұзақ бағыттар, күн райына қарамай жүргізілетін рейдтер мен тұрақты бақылау — осы мамандықтың күнделікті тіршілігі.  Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барша маманды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, табиғатымыз бен жануарлар дүниесін қорғаудағы жұмыстарыңызға табыс тілейміз!