3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні

3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні

Дәл осы күні, 2024 жылғы 3 қыркүйекте, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды.  Ғасырлар бойы Ұлы даламен бірге жасасқан тазы бүгінде әлемдік көрмелерде Қазақстанды танытып жүр. Қазір Бірыңғай асыл тұқымдық кітапта 4 мыңға жуық тазы тіркелген.  Алда үлкен жұмыс бар. Тазының генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, ұлттық тұқымды келесі ұрпаққа жеткізу – басты міндет.  Қазақ тазысы – Ұлы даладан жеткен асыл мұра.