Ландшафтарды қалпына келтіру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жоба

Ландшафтарды қалпына келтіру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жоба

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ландшафтарды қалпына келтіру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлайды. Жоба Дүниежүзілік Банк арқылы бөлінетін Жаһандық Экологиялық Қор (ЖЭҚ) грантының қаражаты есебінен іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында алдыңғы қатарлы агро-орман шаруашылығы тәжірибелерін қолдану бойынша демонстрациялық учаскелер құру, Қызылорда қаласының айналасында сексеуіл егу, Жамбыл облысында тұқымбақ салу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанын картаға түсіру, ескерілмеген ормандарды түгендеу және басқа да іс-шаралар жоспарлануда. Жобаның іс-шаралары мынадай құжаттарға сәйкес іске асырылатын болады:

Әлеуметтік-экологиялық басқару негіздері

Еңбек ресурстарын басқару процедурасы

Мүдделі тараптармен өзара әрекет жоспары