Қазан айының 3 жексенбісі – Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Аталған мереке қарсаңында Қазақстар Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлгінің Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті аталған алаға адал еңбегін сіңірген абыройлы ардагерлерін құттықтап қайтты.
Сол ардагерлердің бірі – Ломов Виктор Иванович. Ардагер Орман шаруашылығы саласына 56 жыл ғұмырын арнаған. Аталған салаға сіңірген зор еңбегі үшін Виктор Иванович «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағына лайық деп танылды.
«Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағы осы жылы тұңғыш рет ұсынылып отырғанын ескерек кеткен жөн.