Меню

Страницы

Статья

Жиі қойлатын сұрақтар

  1. МҰТП жер учаскелерін беру қалай жүзеге асырылады?

Жауап: МҰТП жер учаскелерін ұсыну туристік және рекреациялық қызметін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде жүзеге асыру туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2022 жылы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген ұзақ мерзімге жиырма бес жылға тендер өткізу арқылы және қысқа мерзімге 5 жылға конкурс арқылы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

  1. ЕҚТА түріне байланысты табиғатты қорғау мекемесінің аумағында жол берілмейді?

Жауап: табиғатты қорғау мекемесінің аумағында ЕҚТА түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты жол берілмейді:

1) ЕҚТА-ны пайдаланғаны үшін төлем туралы растайтын құжатсыз ЕҚТА-да болу;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттардан, ЕҚТА топырақ орман және дала жолдарынан шығу және өту;   

3) автокөлікпен басқа да механикалық құралдардың белгіленген орындардан тыс тұрағы;

4) автокөлікпен басқа да механикалық құралдарды су қоймаларының жағасында тұраққа қою және жуу, ыдыс жуу, кір жуу, үй жануарларын шомылдыру;

5) ЕҚТА күзеті жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарын қоспағанда, моторлы яхталардың, қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің су айдындарында болуы;

6) арнайы орнатылмаған, жабдықталмаған орындарда от жағу, мангал орнату, тамақ дайындайтын ошақтар орнату;

7) осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс тұрақтар құрылғысын, шатырларды орнату;

8) торлармен және басқа да тыйым салынған құралдармен балық аулау;

9) жабайы жануарларды тиісті рұқсатсыз алып қою;

10) жабайы жануарларды қорқыту немесе тамақтандыру;

11) ұяларды, шұңқырларды, құмырсқа илеулерін бұзу;

12) ағаштар мен бұталарды кесу, сындыру және зақымдау, тұрмыстық қажеттіліктер үшін сыпырғыштарға шыбықтарды дайындау;

13) табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін бұзу және бүлдіру;

14) рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жабайы өсетін ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер мен дәрілік шикізатты жинау және қазу;

15) жабайы жемістерді, саңырауқұлақтар мен жидектерді осы үшін арнайы бөлінген жерлерден жинау;

16) көрнекі үгіт құралдарын (стендтер, панно, аншлагтар және басқа да), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін бұзу және бүлдіру.

17) ғимараттарға, ағаштарға, тастар мен жартастарға жазулар мен суреттер салу;

18) өз бетінше мал жаю, шөп шабу, ағаш дайындау және өзге де заңсыз орман пайдалану;

19) топырақ жамылғысының тұрмыстық қоқыстармен және қалдықтармен бітелуі;

20) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 «Жасанды шығу тегінің шу және өзге де акустикалық әсер ету нормаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген жасанды шығу тегінің шу және өзге де акустикалық әсерлерін қолдану (№12387 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) 

21) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері мен табиғи кешендердің табиғи дамуы мен сақталуын бұзатын өзге де қызмет.

 

  1. ЕҚТА-ға рекреациялық жүктемені қалай анықтауға болады?

Жауап: Ұлттық паркте туристік соқпақтар мен маршруттар бойынша демалыс объектілері (демалыс аймақтары, демалыс базалары, шатырлы лагерьлер және т.б.) бойынша рұқсат етілген рекреациялық жүктеме ҚР қолданыстағы ұлттық стандарттарын ескере отырып айқындалады, инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарында және оған түзетулерде ескеріледі.

Рекреациялық жүктемелер бірқатар экологиялық факторларға байланысты (топырақтың типі, ылғалдылығы және механикалық құрамы, қарашірік қабатының қуаты, борпылдақ топырақ шөгінділерінің қуаты, бетінің көлбеуі, сүрекдіңнің құрамы және негізгі ағаш түрлерінің тамыр жүйесінің құрылымы, сүректің орташа жасы және т.б.)

Жүктемелер МҰТП аумағында бар және оларға төзімділік дәрежесі әртүрлі табиғи кешендерді білдіретін ландшафттың әрбір түрі үшін жеке айқындалады.

Рекреациялық жүктемелер әрбір соқпақ пен маршрут бойынша, әрбір демалыс нысаны бойынша белгіленеді және ұлттық парк мамандарының тұрақты бақылауында болып, тексеру актілері жасалады. Олардың асып кетуіне жол берілмейді.  

 

  1. Ұлттық парктерде төлем мәселесі қалай жүргізілетінін түсіндіресізбе?

 

Жауап: Ұлттық парктерде төлем бақылау өткізу пункттері арқылы жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде туристік қызмет мәселелері бойынша «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы (әрі қарай – Заң) қабылданды.

Осы Заң шеңберінде «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының 38 бабына түзетулер енгізілді:

Табиғат қорғау мекемелерінің аумағына автомобиль көлік құралының кіруі үшін ақы алу бөлігінде.

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2022
Дата обновления
13 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
12 мая 2026
Қызыл кітап 2014 жыл
Пайдалы ақпарат
29 октября 2024
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіру
Ақпарат
29 августа 2024
Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызу жұмыстары

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы