Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы.
МАЗМҰНЫ
РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 85-баптан қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары", "облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары" және "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы" деген сөздер тиісінше "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары", "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары", "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары", "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары", "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары" және "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жануарлар мен өсiмдiктердiң" және "жануарлар мен өсiмдiктер" деген сөздер тиісінше "өсiмдiктер мен жануарлардың" және "өсiмдiктер мен жануарлар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
1-1) биосфералық резерват – Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;
2) бөрене тілу – ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
2-1) дәстүрлі жер пайдалану – табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) – судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
7-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау мен қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы – жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу – мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;
13) интродукция – өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшіру немесе кездейсоқ көшіру;
14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;
16) рекреациялық жүктеме – есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
17) Табиғат жылнамасы – мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
18) табиғи кешендер – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану – табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
20) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
21) техникалық-экономикалық негіздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;
21-1) үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасақталып, табиғат қорғау мекемелерінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
22) экологиялық дәлiз – тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
23) экологиялық желi – өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:
1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау;
3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;
7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
10) үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi
Табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi болып табылады.
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретiне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау мен қадағалау
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары;
5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары;
6) табиғат қорғау ұйымдары;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
3-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерімен айқындалған өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), жаңа редакцияда - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды айқындау;
3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға шешім қабылдау және оларды алып қою көлемдерін бекіту;
4) мыналарды:
республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;
республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін;
осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;
5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою;
6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;
6-1) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;
6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;
6-3) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн салааралық үйлестіру;
1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
3) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзу;
4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;
4-1) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату тәртібін әзірлеу және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде ұсыныстар енгізу;
4-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
5-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5-2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) мыналарды:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қарамағындағы заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртiбiн;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын;
табиғат қорғау ұйымының рәмiздерiн (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртiбiн;
өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;
заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін;
республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;
осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын;
биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту;
6-1) мыналарды:
республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын;
табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын;
жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;
осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін;
табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін;
үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын;
заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын;
республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың есептерiн қарау;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) өзiнiң қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларының әзiрленуiн ұйымдастыру және бекіту;
10) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастыру;
11) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтiру iс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастыру;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу;
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсу;
14-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
14-2) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
16) айырым белгілері бар нысандық киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлеу және бекiту;
16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу;
16-2) алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-3) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16-4) алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16-6) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін әзірлеу;
16-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16-8) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлеу;
17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын және экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келiсу;
18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асыру;
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыреті
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеуге қатысу;
3) туризм және рекреация инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту;
4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi
Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды және оларды уәкiлеттi органға ұсынады;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етiп және осы негiздемелердiң жобаларын кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi, паспорттардың уәкiлеттi органда тiркелуiн (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;
4) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
5) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
7) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс iстеуiне жұмсалатын шығыстарды жергiлiктi бюджеттер құрамында бекiтедi;
1-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;
2) өздерiнiң қарауындағы жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен олардың қызметi туралы, соның iшiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтау мәселелерi бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi;
1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;
3) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;
4) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;
6) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
7) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтедi;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
9) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) бередi;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жердi резервте қалдыру жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызметтiң барлық түрiн шектей отырып, осындай аймақтарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
12) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
13) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады;
15) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кішірейтеді;
15-1) белгіленген режимді сақтай отырып, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды жүзеге асырады;
15-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау
Ескерту. 11-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдалануға;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;
4) қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметiне қатысуға;
5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желiлердiң жай-күйi мен олардың жұмыс iстеу мәселелерiне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi
1) уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер саласындағы жобаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшiн қызметi өтеусiз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметi мен оларды басқаруға қатысуға;
5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлердiң жұмыс iстеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелерiне қатысты қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық кеңестерiнiң жұмысына қатысуға құқылы.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУ
14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi
1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;
2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;
4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттiк қорық аймақтары.
1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;
2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.
Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Республикалық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштерін және ботаникалық бақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды "республикалық маңызы бар" санатынан "жергілікті маңызы бар" санатына ауыстыруға жол берілмейді.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң құқықтық жағдайы
16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
17-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы
Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншiгiнде болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жедел басқару құқығы өзiнiң қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесiне немесе мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiне берiледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғау аймақтары
Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi (эмблемасы мен туы)
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту
Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеудi, сондай-ақ оларды түзетуді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары екi кезеңде жүргiзедi.
Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.
1) зерттелiп отырған аумақтың табиғи кешендерiнiң және онда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгi, маңыздылығы және репрезентативтiлiгi;
2) зерттелiп отырған аумақтағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың жай-күйiн бағалау;
3) зерттелiп отырған аумақтың мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйi, оларды сақтау жөнiндегi тәуекелдер, қауiптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi шаралар;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі;
5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимiнiң түрлерi және пайдалану айқындалады.
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлердi бөлудiң жерге орналастыру жобасын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын) жер учаскелерiнiң санаттары мен аудандарын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;
2) меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алу жөнiндегi залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметтi шектеуге байланысты, сондай-ақ жердi алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;
3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтiп ұстауға, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақты белгiленген функционалдық аймақтарға бөлудi, қорғалу режимiнiң түрлерi мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегiнде табиғи кешендердi реттелмелi туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;
5) экологиялық туризмдi дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристiк соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiкке арналған тұрақтарды, кемпингтердi, шатырлы лагерьлердi, қонақ үйлердi, мотельдердi, туристiк базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi, құбырларды, электр және байланыс желiлерiн, жолдарды қамтиды.
3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары
Ескерту. 21-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi
Мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және олардың экологиялық жүйелерiн қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегiнде шектеу жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiне ауыртпалық болып енгiзiледi және жерге орналастыру құжаттамасында ескерiледi.
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Мемлекеттiк орман қоры жерiнде мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк құрылған жағдайда осы жердiң учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк орман қорының жерiн ауыстыру туралы шешiмiнiң негiзiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құқықтық режимi
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен:
1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін;
2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;
3) осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;
4) туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбыржолдар) салу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде:
1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;
2) экологиялық әсер етуге бағалау жүргізу;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады.
Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша –уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі болған кезде жүзеге асырылады.
Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
2-2. Шөп шабуға және мал жаюға болатын, шектеулі шаруашылық қызмет аймағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскелері
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен шөп шабу және мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға берілуі мүмкін.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жердi резервте қалдыру
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң құрамына бергенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен резервте қалдырылған жерлердi бұрынғы мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерi пайдаланады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты
Тiркелген паспорттың әрбiр данасы түпнұсқа болып табылады.
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
1) түрi мен санаты көрсетiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi мемлекеттiк орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және қабылданған күнi;
3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк органның атауы;
4) заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристiк инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасымен бiрге орналасқан жерi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге олардың тiзбесi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимi түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiне қойылған шектеулер;
9) келiп көру ережесi, жұмыс режимi, рекреациялық жүктеме көрсетiледi.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың, мемлекеттiк қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерiн қорғау бекiтiлiп берiлген ұйымда, өзiнiң қарауында осы ұйым болатын мемлекеттiк органда және уәкiлеттi органда сақталады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес бесжылдық кезеңге жасалады.
1) табиғи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың осының алдындағы кезеңдегi өзгерiстерiне жасалған талдауды;
2) табиғат қорғау ұйымының осының алдындағы кезеңдегi қызметiне берiлген бағаны;
3) табиғат қорғау ұйымының осыдан кейiнгi кезеңдегi табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызметiнiң әрбiр түрi бойынша iс-шараларды;
4) мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн - өткен кезеңдегi орман шаруашылығын жүргiзудiң және орман пайдаланудың кешендi бағасы берiлетiн және алдағы кезеңге арналған осы орман учаскелерiн күзету, қорғау, молықтыру және оларға күтiм жасау жөнiндегi iс-шаралар әзiрленетiн бөлiмдi;
5) басқару құрылымын, нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, жергiлiктi халықпен және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдармен бiрлесiп iс-қимыл жасау арқылы басқару жоспарын iске асыру тетiктерiн қамтиды.
27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ
ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ
ҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерi
Түрiне және функционалдық аймақтарға бөлiнуiне байланысты бүкiл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлiнген аймақтары мен учаскелерiнде мынадай күзет режимiнiң түрлерi енгiзiледi:
1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң табиғи жай-күйiн бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтiн қорық режимi;
2) шаруашылық және өзге қызметтiң жекелеген түрлерiне белгiлi бiр мерзiмге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеудi көздейтiн қаумалдық режим;
3) табиғи кешендердi шектеулi пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтiң дәстүрлi түрлерiн мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiне зиянды әсер етпейтiн тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуiн көздейтiн шаруашылық қызметтiң реттелмелi режимi.
29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның iшiнде жер және әуе көлiгiн қолданып қарауылдауды;
2) өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi;
3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды.
1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды;
2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесудi (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту);
3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз етудi, жануарлар санын реттеудi;
4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды.
30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру
1) бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
2) су айдындарының қолайлы режимiн сақтау;
3) эрозиялық процестердiң алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсiру;
4) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн табиғи ортада көбейту, өсiру және қалпына келтiру жүргізілуі мүмкін.
31-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
Табиғат қорғау мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттiк инспекторлар болып табылады, осы бөлiмшелердiң мамандары, ғылыми қызметкерлердi қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Осы бапта көрсетiлген лауазымды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
32-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы, мемлекеттік орман қоры жерінде орналасқан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды бекітіп беру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының шешімімен жүргізіледі.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың суреттермен безендірілген тізбелері ресми жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту;
2) ғылыми зерттеулер;
3) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
33-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берiлген рұқсатты тексеруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;
3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынның мөлшерiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттiк инспекторлардың актiлер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргiзуге;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге;
12) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
1) тексеру өткiзу нәтижелерi бойынша акт;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
4) мынадай:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы;
сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнiмдi, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. EPEКШE ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
ЖYЙЕСI
34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты;
3) гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының қаражаты;
4) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде өздері шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жасайтын қайырмалдықтары, ерiктi жарналары есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
35-бап. Табиғат қорғау мекемелерiн дамыту және күтiп ұстау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшiн жерлердi резервте қалдыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу жөнiндегi залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн жүргiзуге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерiнде бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
6) әкiмшiлiк-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
7) штат санын ұстауға;
8) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзетуге, қорғауға және қалпына келтiруге;
9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристiк және рекреациялық қызмет жүргiзуге;
10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтiп-ұстау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтiп-ұстау жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
37-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды оларға бекiтiп берiлетiн табиғат қорғау мекемелерi, орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi өздерiне осы мақсаттарға бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты
1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде:
туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiк тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды салу және орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету; туристiк құрал-жабдықтар беру;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу;
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру;
пайдалануға берiлген аумақтар мен объектiлердi санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiнде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде қызметтер;
қоғамдық тамақтандыру объектiлерi үшiн өнiм өндiру жөнiнде қызметтер;
көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2) шектеулi шаруашылық қызметiнен, соның iшiнде:
кәдесый өнiмдерiн өндiруден;
аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесiлген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректi өңдеу өнiмдерiн өткiзуден;
жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);
ормандарды молайту және елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар;
шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, балықты және балық өнімін өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетін табыстар;
балық шабақтарын өсiруден;
жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);
3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы;
4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары;
6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.
1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты:
1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу;
2) зейнеткерлерден, мүгедектерден, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу;
3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ
ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР
39-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ұғымы және олардың негiзгi қызметi
1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;
2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;
4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;
5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
40-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимi
1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;
3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;
4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;
5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;
6) аң аулау мен балық аулауға;
7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;
8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;
9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;
10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;
11) үй жануарларын айдап өтуге;
12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;
13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
41-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызметтiұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi
1) мемлекеттік табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;
2) экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
43-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi
1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
2) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
5) пайдалы қазбалар өндiруге;
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға;
7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
8) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
10) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
1) орман шаруашылығы қызметi;
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;
3) туристiк және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;
7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43-1-бап. Жекелеген мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимiнің ерекшеліктері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар санын реттеуге жол беріледі.
Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК
ӨМIРЛIК ТАБИҒИ ПАРКТЕР
44-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ұғымы және олардың негiзгi қызметi
1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;
2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;
3) экологиялық ағартушылық;
4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;
5) Табиғат жылнамасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;
6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру;
7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi
1) қорық режимi;
2) экологиялық тұрақтандыру;
3) туристiк және рекреациялық қызмет;
4) шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарына бөлiнедi.
Қорық режимі аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының он пайызынан қырық пайызына дейінгі жерін құрайды.
Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын прокатқа алу пункттерін орнатуға, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруға жол беріледі.
Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру
Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы
Ескерту. Заң 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
47-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулiшаруашылық қызметiнiң ерекшелiктерi
1) жанама орман пайдалану (шектеулi мал жаю, марал өсiру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау, бақ шаруашылығы);
2) шектеулi дәстүрлi пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрi-дәрмектiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiру;
3) өтпелi ағаш кесудi қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесудi, күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргiзу және бұл ретте алынған сүректi өңдеу;
4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;
5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерiн өсiру;
6) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы;
7) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7-1) жануарлар дүниесін ортақ пайдалану;
8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
9) мелиорациялық аулау;
10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;
11) өсімін молайту мақсатында аулау.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3) осы Заңның 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап. Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер
Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
50-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттар ұғымы, негiзгiқызметi және оларды аймақтарға бөлу
1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi сақтау және қалпына келтiру;
2) мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет режимiн қамтамасыз ету;
3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципi негiзiнде аумақтың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қолдау;
4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргiзу;
5) мемлекеттiк табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
1) қорық режимi аймағы (бұдан әрi - ұйытқы аймақ) - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзiм сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жеткiлiктi көлемi бар ұйытқы аймақ;
2) аралық аймақ - экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметтi жүргiзу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшiн пайдаланылатын аумақ учаскесi.
51-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимiаймағының режимi
52-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймақ режимi
1) ғылыми зерттеулер және мамандар оқыту және даярлау орталықтарын ұйымдастыру;
2) қоршаған орта мониторингi және экологиялық жүйелердiң өзгеруiн бақылау;
3) орман шаруашылығы қызметi, өртке қарсы iс-шаралар және орман алаптарын қорғау;
4) ұйытқы аймағының биологиялық саналуандығын ұзақ мерзiм сақтауды және оның зақымданбауын және тұтастай алғанда мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберiнде дәстүрлi жер пайдалану;
5) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды кеңiнен жүргiзу;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың кiру тәртiбiмен белгiленген, рекреациялық жүктемеге сәйкес бақыланатын және реттелетiн туризм, рекреациялық пайдалану;
7) минералды сулар мен шипалы ресурстарды пайдалану;
8) экологиялық ағартушылық, оқыту бағдарламаларын жүргiзу, көрсету учаскелерiн және экологиялық тұрғыдан алғанда жанашырлықпен табиғат пайдалану менеджментiн ұйымдастыру;
9) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
11) мелиорациялық аулау;
12) ғылыми-зерттеулік аулау;
13) өсімін молайту мақсатында аулау;
14) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы.
1) жаңа елдi мекендер құруға;
2) өнеркәсiп объектiлерiн орналастыруға және пайдалануға;
3) өндiрiстiк объектiлер салуға және пайдалануға;
4) геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және пайдалы қазбаларды игеруге;
5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге;
6) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге;
7) ұйытқы аймақ пен аралық аймақ аумағының гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
8) ұйытқы аймақтың экологиялық жүйесiне әсер етуi мүмкiн өзге де қызметке тыйым салынады.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорғау аймақтарының режимi
Мемлекеттік табиғи резерваттардың қорғау аймақтарында табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің осы Заңның 48-бабында белгіленген түрлеріне рұқсат етіледі, тыйым салынады немесе шектеу қойылады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-1-тарау. Биосфералық резерваттар
Ескерту. 2-бөлім 9-1-тараумен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері
Биосфералық резерваттар:
1) мәдени және табиғи мұраға бай табиғи аумақтарды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану;
2) табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуі ескеріле отырып, аумақтардың ұзақ мерзімді, орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын, оның ішінде олардың рекреациялық пайдаланылуын қолдау;
3) ұзақ мерзімді экологиялық бақылау, мониторинг пен экологиялық зерттеулер, сондай-ақ халықты экологиялық тұрғыдан ағарту және тәрбиелеу мақсатында құрылады.
53-2-бап. Биосфералық резерваттардың аумағын функционалдық аймақтарға бөлу және оны қорғау режимі
Биосфералық резерваттардың аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөліп көрсетіледі:
1) ұйытқы аймақ – биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға арналған, осы Заңның 40-бабының 1-тармағында, 45-бабының 2 және 3-тармақтарында және 51-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қорықтық қорғау режимi бар аймақ;
2) аралық аймақ – экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстардың өсімін орнықты молайту үшін пайдаланылатын, осы Заңның 45-бабының 4 және 5-тармақтарында және 52-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қаумалдық қорғау режимі бар аймақ;
3) сыртқы өтпелі аймақ – экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын, осы Заңның 43, 48 және 53-баптарында көрсетілген қорғау аймақтарына сәйкес келетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтан тыс аумақ учаскесі.
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР
54-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ұғымы және оның негiзгi қызметi
55-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi аймақтарға бөлу және оларды күзету ерекшелiктерi
1) экспозициялық - жануарларды ұстау және өсiру, сондай-ақ келушiлердiң көруi үшiн;
2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн;
3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
56-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарлар өсiру
Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
57-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР
58-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы және оның негiзгi қызметi
59-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшелiктерi
1) экспозициялық - өсiмдiктердi өсiру және келушiлердiң көруi үшін;
2) ғылыми - өсiмдiктердiң тектiк қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргiзу және оларды сақтау үшiн;
3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
60-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктер өсiру
61-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшелiктерi
Өсiмдiктердiң коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөнiндегi ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк тапсырыстар негiзiнде жүзеге асырылады.
12-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР
62-бап. Мемлекеттiк дендрологиялық парк ұғымы және оның негiзгi қызметi
63-бап. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi аймақтарға бөлу, оларды күзету мен пайдаланудың ерекшелiктерi
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКIШТЕРI
64-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi ұғымы
Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
65-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру тәртiбi
Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды құру немесе кеңейту кезінде жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіштер жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығарылады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін құру мен кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
66-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының күзет режимi
1-1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарында осы салада мамандандырылған ұйым әзірлеген жобаларға сәйкес оларды сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАР
67-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар ұғымы және олардың түрлерi
1) кешендiк - ерекше құнды табиғи кешендердi сақтау және қалпына келтiру үшiн;
2) биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсiмдiктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн сақтау және қалпына келтiру үшiн;
3) палеонтологиялық - жануарлардың, өсiмдiктердiң және олардың кешендерiнiң қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшiн;
4) гидрологиялық (батпақты, көлдi, өзендi) - сулы-батпақты жерлердiң құнды объектiлерi мен кешендерiн сақтау үшiн;
5) геоморфологиялық - сирек кездесетiн және бiрегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшiн;
6) геологиялық және минералогиялық - сирек кездесетiн геологиялық және минералогиялық түзілімдердi сақтау үшiн;
7) топырақтық - топырақтың әдеттегi және сирек кездесетiн түрлерiн сақтау үшiн;
8) гидрогеологиялық – жерасты суларының бірегей көздерін сақтау үшін.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
68-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар құрудың ерекшелiктерi
Мемлекеттік табиғи қаумалдардың шекаралары меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы мемлекеттiк табиғи қаумал орналасқан жер учаскесiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың мемлекеттiк табиғи қаумал аумағындағы шаруашылық қызметiн шектеу Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген тәртiппен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.
1) мерзiмсiз - жұмыс iстеу мерзiмi көрсетiлмей;
2) ұзақ мерзiмдi - 10 жылдан астам мерзiмге;
3) қысқа мерзiмдi - 10 жылдан кем мерзiмге құрылады.
Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
69-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарды күзету режимiмен оларды пайдаланудың ерекшелiктерi
1) кешендi мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - табиғи кешендердi сақтауға қатер төндiретiн шаруашылық қызметке, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
2) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда – уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға;
3) ботаникалық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудiң барлық түрлерiне, гүлдер теруге, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алуға, от жағуға, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруiне және жүруiне, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге;
4) гидрогеологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiруге, үңгiрлердi бүлдiруге, жер қазу жұмыстарын жүргiзуге, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттерге, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiруге немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулерге тыйым салынады.
1-1. Кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың жол берілетін көлемінің биологиялық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.
1-2. Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар белгiленген шектеулердi сақтай отырып, мемлекеттiк табиғи қаумалдарда шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРЫҚ АЙМАҚТАРЫ
70-бап. Мемлекеттiк қорық аймағының ұғымы, мақсаттары мен мiндеттерi
Мемлекеттiк қорық аймағы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар үшiн резервке қойылған жер учаскелерi мен су айдындарында мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiн және биологиялық саналуандықты сақтауға және қалпына келтiруге арналған теңдестiрiлген күзет режимiнiң түрлерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
71-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын құру тәртiбi
72-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшелiктерi
Пайдалы қазбаларды өндіруге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органмен келісілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімінің негізінде айрықша жағдайларда жол беріледі.
Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213; 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегiмемлекеттiк қорық аймағы
Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЪЕКТIЛЕРI
74-бап. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелерi
1) генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;
2) жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;
3) субальпiлiк ормандар.
75-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар
75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар
Ескерту. 16-тарау 75-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
76-бап. Бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың учаскелерi
77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерi
1) геологиялық объектiлер - тiреуiш немесе айрықша тiлiктер, айрықша тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдары, метеориттер, фауна мен флораның сақталып қалған қазба қалдықтары кездесетiн табиғи және жасанды жалаңаштанған жерлер;
2) геоморфологиялық объектiлер - рельефтiң пайда болу процестерiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құндылық сипаты бар сатылы жерлер, су жайылмалары, үңгiрлер, сай-салалар, шатқалдар, сарқырамалар және рельефтiң басқа да нысандары;
3) гидрогеологиялық объектiлер - бiрегей және сирек қасиеттерiмен ерекшеленетiн жер астындағы сулар және олардың жер бетiне шығатын жолдары;
4) жартастағы суреттерi, ертеде кен өндiрiлген жерлерi және тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да объектiлерi бар жер қойнауы учаскелерi.
78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi
1-1. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі: үйреншікті мекендеу ортасында жойылып кеткен, толық жойылып кету алдындағы, жойылып кету қаупі төнген түрлерді қамтиды.
1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін;
2) аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларда жол беріледі.
Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерi