ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы
1) мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2 ) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
3) тексерулер арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту, сондай-ақ "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
5) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;
6) өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифтер мөлшерін бекітеді;
7) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
8) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
9) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
10) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
11) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
12) өзінің қарамағындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық дәліздер құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
13) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
14) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызмет ұйымдастырады;
15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
16) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;