Мемлекет басшысының 2020 жылғы жолдауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. астам ағаш отырғыза отырып, елдегі орман алаңын 500 мың гектарға ұлғайту және елді мекендер мен қалаларда 15 млн. астам ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мақсатында барлық облыстар мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты мекемелері бойынша 2021-2025 жылдарға арналған орманды молықтыру және орман өсіру алаңдарын ұлғайту жөніндегі Кешенді жоспарлар бекітілді.
Қазіргі таңда облыста кешенді жоспарларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы 66,0 мың га аумақта 138,0 млн дана ағаш отырғызылды.
2022 жылы Кешенді жоспарға сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында 111 499,4 га алаңда 278 778,5 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған. Ағымдағы жылғы көктемгі отырғызу кезінде 39 054,7 га алқапқа 106 425,4 мың дана орман дақылдарын отырғызу іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде:
Өңірлер бойынша анықтама:
- Ақмола облысы: 22 233,8 мың дана – 5 910,6 га,
- Ақтөбе облысы: 5 537,0 мың дана – 2 737,0 га,
- Алматы облысы: 923,3 мың дана - 175,2 га,
- Атырау облысы: 964,8 мың дана – 403,5 га,
- Абай облысы: 17 808,0 мың дана – 3 773,1 га,
- Шығыс Қазақстан облысы: 3 264,3 мың дана – 704,9 га,
- Жамбылская область: 15 546,0 мың дана – 5 190,0 га,
- Жетісу облысы: 569,6 мың дана – 98,1 га,
- Батыс Қазақстан облысы: 2 188,0 мың дана – 563,9 га,
- Қарағанды облысы: 531,4 мың дана – 226,5 га,
- Қостанай облысы: 14 026,3 мың дана – 2 452,3 га,
- Қызылорда облысы: 3 607,8 мың дана – 12 026,0 га,
- Маңғыстау облысы: себу жұмыстары күзге жоспарланған,
- Павлодар облысы: 13 354,0 мың дана – 2 693,0 га,
- Солтүстік Қазақстан облысы: 3 534,2 мың дана – 834,1 га,
- Ұлытау обылысы: 207,3 мың дана – 40,5 га,
- Түркістан облысы: 2 129,3 мың дана – 1 226,0 га.
2021 жылы елді мекендер мен қалаларда 3,3 млн дана ағаш отырғызылды.
2022 жылға елді мекендер аумағында 3 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күні 2022 жылдың 1 қыркүйектегі нақты отырғызылғаны 1 753,3 мың дана ағаш. Қалғаны жұмыстар күз мезгілінде атқарылатын болады.
Аймақ бойынша анықтама:
Ақмола облысы: 77,6 мың дана,
Ақтөбе облысы: 28,7 мың дана,
Алматы облысы: 84,0 мың дана,
Атырау облысы: 26,1 мың дана,
Абай ауданы: 54,7 мың дана,
Шығыс Қазақстан облысы: 80,9 мың дана,
Жамбыл облысы: 87,0 мың дана,
Жетісу облысы: 24,8 мың дана;
Батыс Қазақстан облысы: 167,1 мың дана,
Қарағанды облысы: 39,4 мың дана,
Қостанай облысы: 27,5 мың дана,
Қызылорда облысы: 122,6 мың дана,
Маңғыстау облысы: 10,4 мың дана,
Павлодар облысы: 59,1 мың дана,
Солтүстік Қазақстан облысы: 43,3 мың дана,
Ұлытау облысы: 10,3 мың дана,
Түркістан облысы: 169,0 мың дана,
Нұр-Сұлтан қ.: 259,2 мың дана,
Алматы қ.: 215,3 мың дана,
Шымкент қ.: 166,3 мың дана.