Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның жануарлар әлемі

Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілердің – 178 түрі, құстардың – 489 (олардың 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары тек қыстауға ұшып келеді немесе көктем мен күзде ұшып кетеді), бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтардың – 104 және дөңгелек ауыздылардың – 3 түрі бар.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген:

1) Омыртқалы жануарлардың – 132 түрі мен түршелері, оның ішінде дөңгелек ауыздылардың – 1 түрі, балықтардың-16, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың-10, құстардың – 57 және сүтқоректілердің – 44 түрі;

2) Омыртқасыз жануарлардың – 95 түрі, оның ішінде, буылтық құрттардың – 2, моллюскалардың (жұмсақ денелілер) – 6, шаян тәрізділердің – 1, өрмекшітәрізділердің – 1, жәндіктердің – 85 түрі енгізілген.

Сүтқоректілердің 35 түрі және құстардың 59 түрі – аңшылық объектілеріне жатады. 

Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау – Комитет қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі.

Сирек тұяқты жануарлар мен киіктердің санының жыл сайын артуы байқалады.

2005 жылы тоғай бұғысы – 350 дарақ, қарақұйрық – 12 500 дарақ, құлан – 1 112 дарақ, арқар – 8 835 дарақ болса, 2022 жылғы санақ бойынша тоғай бұғысы – 1 052 дараққа (300%-ға), қарақұйрық – 15 089 дараққа (20,7%), құлан – 4 413 дараққа (396,8%), арқар – 19 730 дараққа (223,3%) өскен.

Дата публикации
19 апреля 2020
Дата обновления
19 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
12 мая 2026
Қызыл кітап 2014 жыл
Пайдалы ақпарат
29 октября 2024
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіру
Ақпарат
29 августа 2024
Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызу жұмыстары

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы