Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы, 01.01.2022 жылғы жағдайы бойынша, 30 552,5 мың га немесе Республика аумағының 11,2%-ы. Орманмен қамтылған жерлер – 13 635,3 мың га, яғни орман қоры жерлерінің 44,6%-ын алып жатыр. Жеке орман қорының ауданы – 1 017 га, орманмен қамтылған жерлер жоқ. Республика ормандылығы 5%.
Мемлекеттік орман қорының үлкен бөлігі 74,9%-ы облыстық әкімдіктердің, 24,4%-ы комитет қарамағында.
Комитеттің қарамағындағы орман мекемелерінің ауданы – 7 450,9 мың га, оның ішінде 7 335,9 мың га – заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мекемелері, оларға:
Одан басқа, Комитет қарамағында:
«Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығы», «Жасыл Аймақ» РМК мемлекеттік орман қоры аумағы мен «Сандықтау» оқу-өндірістік орман шаруашылығы бар.