ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖОСПАРЫ (ӘЭМЖ)
- Қазақстан (Алушы) жобаның үш орындаушы мекемесі — Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) (бірлесіп жоба орындаушы мекемелер деп аталады), сондай-ақ ЭТРМ жанындағы Жобаны іске асыру тобының (ЖІТ) қолдауымен, көпсатылы бағдарламалық тәсілдің (Жоба) Этап 3 ретінде «Бірыңғай денсаулық» бастамасы аясында зооноздық ауруларға бақылау әлеуетін арттыру бағдарламасын жүзеге асырады, бұл Орталық Азияда пандемиялардың алдын алу, азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экожүйелердің денсаулығын жақсарту мақсаттарына бағытталған және Гранттық келісімде көрсетілген. Халықаралық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – Банк), пандемияның алдын алу, оған дайындықты қамтамасыз ету және оған әрекет ету бойынша Трастық қордың администраторы ретінде, Гранттық келісімде көрсетілгендей, жобаға қаржыландыруды ұсынуға келісім берді.
- Алушы жобаның Банктің талаптарына сәйкес, әлеуметтік-экологиялық стандарттармен (ӘЭС) және осы Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспарының (ӘЭМЖ) шарттарымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндетті. ӘЭМЖ грант беруге арналған Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Егер осы ӘЭМЖ -да басқаша көрсетілмеген болса, осы ӘЭМЖ-да қолданылған бас әріппен жазылған терминдер Келісімде берілген мағыналарды білдіреді.
- Жоғарыда көрсетілгендермен шектелмей, осы ӘЭМЖ Алушының орындауы немесе орындауды міндетті түрде бастамашы болуын талап ететін маңызды шаралар мен іс-шараларды анықтайды, олардың сәйкес уақыттық шеңберлері жағдайларға байланысты көрсетіледі; институционалдық, кадрлық, оқыту, мониторинг және есеп беру механизмдері; сонымен қатар шағымдарды қарау тәртібі. ӘЭМЖ-да сондай-ақ Жоба шеңберінде қабылданып, енгізілуі тиіс әлеуметтік-экологиялық (ӘЭ) құжаттар көрсетілген, және олардың барлығы ӘЭС талаптарына сәйкес, Банктің қабылдайтын формасы мен мазмұнына, сондай-ақ тәсіліне сай алдын ала талқылау және жария етуге жатады. Қабылданғаннан кейін аталмыш ӘЭ құжаттар Банктің алдын ала жазбаша келісімі негізінде уақыт өте қайта қаралуы мүмкін. Гранттық Келісімде көзделгендей, Алушы ӘЭМЖ-ны енгізуге арналған шығындарды жабу үшін жеткілікті қаражаттың болуын қамтамасыз етуі қажет.
- Банк пен Алушымен келісе отырып, осы Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспары (ӘЭМЖ) жобаның өзгерістерін бейімдеу немесе күтпеген жағдайларды ескеру қажет болғанда, сондай-ақ жоба нәтижелеріне жауап ретінде уақытылы қайта қаралуы мүмкін. Осындай жағдайларда Банк пен Алушы осы өзгерістерді көрсету үшін ӘЭМЖ-ны Банк пен Келісімде көрсетілген Алушының өкілі немесе [жобаны іске асыру тобының жетекшісі] қол қойған хат алмасуы арқылы жаңартуға келіседі. Алушы жаңартылған ӘЭМЖ-ны бірден жариялауға міндетті.
- Төмендегі «Орындауға дайындығын бағалау көрсеткіштері» бөлімінде жобаның іске асырылуына дайындықты бағалау үшін мониторингке жататын шаралар мен іс-шаралар көрсетілген. Дегенмен, аталған бөлімде тізімделген болсын-болмасын, осы ӘЭМЖ-да қарастырылған барлық шаралар мен іс-шаралар белгіленген орындау мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.