Бірыңғай денсаулық

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Бірыңғай денсаулық» бастамасы шеңберінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бірыңғай денсаулық» бастамасы шеңберінде зооноздарды қадағалау әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Жоба Дүниежүзілік Банк орындаушы ұйым ретінде, ал Қазақстан бенефициар ретінде тағайындалған пандемияға қарсы күрес қорының гранты есебінен қаржыландырылатын болады.

Атқарушы Агенттік Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.

Осыған байланысты Комитет Дүниежүзілік Банктің рәсімдеріне сәйкес мүдделі тараптармен қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Талқылауға Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспарының және Тараптардың өзара іс-қимыл жоспарының жобалары шығарылады.

Талқылау 2026 жылғы «20» ақпанда сағат 15:00-де мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен онлайн форматта өткізілетін болады.

Дата публикации
17 февраля 2026