ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының аумақтарында жабық тамыр жүйесімен тұқымбақтар салу бойынша әлеуетті жеткізушілерді іріктеу рәсімдері өткізілетінін хабарлайды.
Тұқымбақтардың болжамды жалпы алаңы – 8,36 гектар (Типтік жоба қоса беріледі).
Құрылыс аяқтау мерзімі – 2026 жылғы желтоқсан.
Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2 санаттан төмен емес лицензияның болуы;
2) құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
3) 3 жыл ішіндегі залалсыз қызмет;
4) салық берешегінің болмауы;
5) ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысының 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес болу.
2026 жылдың 21 қаңтарға дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі», 15 кіреберіс мекенжайы бойынша коммерциялық және баға ұсыныстарын, сондай-ақ басқа да қажетті материалдарды ұсынуға шақырамыз.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-05-98, 75-09-81.
Электрондық пошта: klhjm@ecogeo.gov.kz.