Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператор – «Қазақтелеком» АҚ-ның киік дериваттарын (мүйіздерін) таңбалау және қадағалау қызметтері бойынша тарифті бекітуге қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 11 қарашада өтеді.
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел 8 көшесі, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс.
Қатысушылардың ыңғайлылығы үшін ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Тыңдауларды ұйымдастыруға қатысты сұрақтар бойынша және қосылу сілтемесін алу үшін Комитеттің бас сарапшысы Есмағұлов Ринат Балтабайұлына хабарласуыңызды сұраймыз.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-06-69.
Аталған қоғамдық тыңдаулар ашықтықты қамтамасыз ету және мәселелерді көпшілікпен талқылау мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.