Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:   кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру, аңшылықтану және аң өсіру), биология және сабақтас ғылымдар (биология) және орман шаруашылығы ұйымдарында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, немесе жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) ұсына алады.

«Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кәсіпорнының орналасқан жері: Алматы қаласы, Бартольда көшесі  157, тел.:7-727-224-81-40.

Конкурстың өту күні мен уақыты үміткерлерге ескертіледі. Конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу онлайн форматта ZOOM қосымшасы арқылы өтеді, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсыру келесі мекен жайда өтеді: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, 10 үй, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс. Анықтама үшін телефон: 8-7172-74-07-10, klhjm@ecogeo.gov.kz.

Конкурс на занятие вакантной должности генерального директора республиканского государственного казенного предприятия «ПО Охотзоопром»
Дата публикации
24 января 2025