«Жабайы жануарлардың жекелеген түрлерін есепке алуға арналған әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 191 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

2023 жылғы 15 тамыздағы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы киіктерге қатысты нормативтердің Биологиялық негіздемесі негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жабайы жануарлардың жекелеген түрлерін есепке алуға арналған әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 191 бұйрығына (бұдан әрі-ұсыныс) мынадай толықтыру енгізілсін:

3.3.5-тармақ ұсынымдар мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе.

Киіктердің стандартты көктемгі авиациялық есебі үшін мерзімдері бекітілген ұсыныстарға сәйкес 20 наурыздан бастап 1 мамырға дейін болып белгіленуі керек. Жаз-күз айларында автокөлікті пайдалану арқылы мониторинг жүргізілуі керек.

Дата публикации
10 октября 2023