Сатып алу туралы арнайы хабарлама

Ұсыныс сұрау

Шағын жұмыстар

(БІР КОНВЕРТТІ САУДА-САТТЫҚ ПРОЦЕСІ)

 

Ел: Қазақстан Республикасы.

Жобаның атауы: Қазақстан Республикасында ландшафттарды қалпына келтіру бойынша ДБ-ГЭФ-7 жобасы, P171577.

Грант ГЭФ № TF0B6007.

 

  1. Қазақстан Республикасы Халықаралық қайта құру және даму банкінен (Банк) Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру жөніндегі ДБ-ГЭФ-7 жобасы бойынша құнын жабуға қаржы алды және қаражаттың бір бөлігін Қызылорда облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қазалы мемлекеттік мекемесінің аумағында ауданы 33,5 га суару жобасын қоса алғанда, орман питомнигін салу жөніндегі жұмыстарды орындауға келісімшарт бойынша төлеу үшін пайдалануға ниетті.

 

  1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Қазақстан Республикасында ландшафттарды қалпына келтіру жөніндегі ДБ-ГЭФ-7 жобасын іске асыру тобы) осымен Қазалы ормандар мен жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында ауданы 33,5 га суару жобасын қоса алғанда, орман питомнигін салу жөніндегі жұмыстарды орындауға мөрленген конкурстық ұсыныстар беруге сауда-саттыққа заңды қатысушыларды шақырады, құрылыс-монтаждау жұмыстарының кезеңі (6 ай).

 

  1. Сауда-саттық Дүниежүзілік Банктің «ИПФ қарыз алушылары үшін сатып алу туралы ережелерде» (2021 жылғы наурыз редакциясында («Сатып алу туралы ережелер») көрсетілгендей, сауда-саттыққа қатысуға шақыруды (ПУТ) пайдалана отырып, ұлттық бәсекелестік сатып алу шеңберінде өткізілетін болады және сатып алу туралы ережелерде айқындалғандай, сауда-саттықтың барлық қатысушылары үшін ашық болады.

 

  1. Сауда-саттыққа мүдделі заңды қатысушылар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен (Қазақстан Республикасында ландшафттарды қалпына келтіру жөніндегі ДБ-ГЭФ-7 жобасын іске асыру тобы) қосымша ақпарат ала алады, байланыс тұлғасы Абжанов Ұлан, Е-mail: projectimplemintationgroup@gmail.com және жұмыс уақытында тендерлік құжаттамамен төменде көрсетілген мекен-жай бойынша 09:00 -ден 18:00-ге дейін таныса алады.

 

  1. Тендерлік құжаттаманы төмендегі мекенжай бойынша жазбаша өтінім бергеннен кейін мүдделі заңды сауда-саттыққа қатысушылар орыс тілінде ала алады.

Тендерлік құжаттама Электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 

  1. Конкурстық ұсыныстар төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2023 жылғы «11» тамыз күні сағат 13:00-ден кешіктірілмей жеткізілуі тиіс. Электрондық сауда-саттыққа рұқсат етілмейді. Кешіктірілген өтінімдер қабылданбайды. Конкурстық ұсыныстар 2023 жылғы «11» тамыз күні сағат 16:00-де төмендегі мекенжай бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың тағайындалған өкілдерінің және қатысқысы келетіндердің барлығының қатысуымен жария түрде ашылады.
  2. Барлық конкурстық ұсыныстар «Конкурстық ұсынысты қамтамасыз ету туралы Декларациямен» сүйемелденуі тиіс.
  3. Тендерлік құжатқа енгізілген бенефициарлық меншік туралы ақпаратты ашу нысанын пайдалана отырып, Тапсырыс берушіден келісімшарт беру туралы хабарлама шеңберінде жеңімпаз сауда-саттыққа қатысушының бенефициарлық иеленуі туралы ақпаратты ашуды талап ететін сатып алу туралы ережелерге назар аударылады.
  4. Жоғарыда аталған мекен-жай(лар):

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Қазақстан Республикасында ландшафттарды қалпына келтіру жөніндегі ДБ-ГЭФ-7 жобасын іске асыру тобы).

Қызметкердің аты-жөні: Ұлан Әбжанов – Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру бойынша ДБ-ГЭФ-7 жобасын іске асыру тобының техникалық кеңесшісі.

Конкурстық ұсыныстар беруге арналған мекенжай:

010000 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы көшесі, 1 үй, «Асыл Тау» бизнес-орталығы, 14 қабат, 1403 кеңсе.

Телефон нөмірі, ел және қала коды: +77027928683.

Е-mail: projectimplemintationgroup@gmail.com.

Веб-сайттың мекен-жайы: https://www.gov.kz/memleket/entities/forest?lang=ru.

Конкурстық ұсыныстарды ашу мекенжайы:

010000 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй «Министрліктер Үйі», 16В кіреберіс, 5-қабат, № 502 кабинет.

Ескертпе: Ғимаратқа рұқсаттаманы қамтамасыз ету үшін уәкілетті тұлғаның ЖСН жобасын іске асыру тобына алдын ала ұсыну қажет.

 

 

            Жобаны іске асыру

тобының жетекшісі                                                                             Е. Мұратов

 

Дата публикации
14 июля 2023