«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»
РММ-нің шектеулі шаруашылық аумағындағы учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беруге арналған конкурстық құжаттама
1 тарау. Кіріспе
Тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан учаскелерді қоспағанда, ұлттық
парктің учаскелері қысқа мерзімді пайдалануға рекреациялық жүктемелердің
нормаларын ескере отырып, уақытша объектілер (шатырлы лагерлер, қоғамдық
тамақтандыру объектілері, бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдары, жағажайлар,
қайық станциялары, велосипедтер мен суда жүзетін көлік түрлерін және жағажай
мүкәммалын жалға беру пункттері), бал арасын өсірумен айналысу үшін қажет
уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыру үшін беріледі.
Учаскелер бас жоспарға сәйкес туристік соқпақтардың, маршруттардың бойында,
сондай-ақ олардан бөлек жерлерден беріледі. Конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 9 наурызда № 27066 тіркелген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 05 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру Қағидаларына» сәйкес әзірленді.
Конкурстың тақырыбы
- Осы конкурстық құжаттама конкурсқа әлеуетті қатысушының конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.
- Конкурсты ұйымдастырушы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болады.
- Конкурсты төмендегі лоттар бойынша «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында уақытша объектілерді орналастыруға қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат алуға конкурстың әлеуетті қатысушыларын анықтау мақсатында өткізіледі.
№ 5 Лот. Қарабұлақ орманшылығы. Таңбалы шатқалы орам 8 телім 5. Алаңы 2,0 га. Нысаналы мақсаты: Қазақауыл.
№ 6 лот. Қарабұлақ орманшылығы. Көкжазық шатқалы, 8-тоқсан, 1 және 2-телімдер. Алаңы 1,0 га. Нысаналы мақсаты: Туристерге қызмет көрсету.
№ 7 лот. Қарабұлақ орманшылығы. Алғабас шатқалы, Суықтоғай шаткалы 1 орам, телім 1-2. Алаңы 1,0 га. Нысаналы мақсаты: Қазақауыл.
№ 11 лот. Көлсай орманшылығы. Талды шатқалы 6 орам, 25 телім. Алаңы 0,2 га. Нысаналы мақсаты: Қазақауыл.
№ 13 лот. Көлсай орманшылығы. Күрметі шатқалы, 8 орам, 10 телім. Алаңы 2,0 га. Нысаналы мақсаты: Қазақауыл (кемпинг).
№ 14 лот. Күрметі орманшылығы. Кіші Өрікті шатқалы, 9 орам, 12 телім. Алаңы 0,20 га.
Нысаналы мақсаты: Қазақауыл.
№ 15 лот. Таушелек орманшылығы. Шелек өзенінің жоғарғы сағасы 12 орам, 33 телім. Алаңы 0,20 га. Нысаналы мақсаты: Қазақауыл.
Ықтимал қатысушылардың құзыреттілігі мен біліктілігі
- Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтығы жоқ заңды тұлғалары жiберiледi.
- Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес конкурстық өтінімді дайындайды және жабық конвертте ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап конкурстық өтінімді ұсынған тұлға конкурстық қатысушы мәртебесіне ие болады.
- Конкурс комиссиясының отырыстарына әлеуетті конкурсқа қатысушының ресми өкілі қатыса алады.
2 тарау. Конкурстық құжаттама. Конкурстық құжаттаманың мазмұны
- Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың әлеуетті қатысушыларына ұсынатын конкурстық құжаттамада:
1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған, конкурсқа шығарылатын лот (лоттар);
2) конкурстың өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат;
3) конкурстық өтінімдер берудің тәсілі, орны және соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
4) учаскенің нысаналы мақсаты;
5) алаңы көрсетілген және учаскелер схемалары қоса берілген жер учаскесін таңдау актілері (қоса беріледі).
- 8. Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурстық құжаттамада және оған қосымшаларда қамтылған барлық талаптарды, шарттар мен техникалық ерекшеліктерді зерделеуі тиіс.
- Әлеуетті қатысушы ұсынылған учаскені және оған іргелес аумаққа келуге және оны қарап шығуға құқылы.
- Әлеуетті қатысушы өзінің конкурстық өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығындарды көтереді, ал конкурс ұйымдастырушы мен конкурстық комиссия конкурстың нәтижесінен осы шығындар бойынша жауап бермейді және міндеттемелер алмайды.
- Конкурстық құжаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы ұсынады.
Конкурстық құжаттамаға түсініктемелер
- Конкурстық құжаттаманың жобасы конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Әлеуетті қатысушылардың конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
- Конкурстық құжаттамаға сұрақтар туындаған кезде конкурсқа қатысушы конкурстық құжаттамада құжаттаманың жобасы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгінеді және конкурстық құжаттаманың жобасына ұсыныс енгізе алады.
- Конкурстық құжаттамада құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған жағдайда оны бекіту туралы шешім қабылданады. Ескертулер болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурстық құжаттама жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
3 тарау. Конкурстық өтінімнің мазмұны
- Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады:
1) лоттар көрсетілген конкурсқа қатысуға арналған еркін нысанда конкурстық
өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке
басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, сондай-ақ оның аумағында
орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің
учаскесін пайдалану және абаттандыру жоспары;
4) конкурсқа қатысушының уақытша объектілер орналастыруға жеткілікті қаржы
қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық
және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі
адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының
табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан
тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған
ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
4 тарау. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ұсыну
- Әлеуетті қатысушы конкурстық өтінімді конвертке жабады. Конвертте көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті қатысушының толық аты-жөні және пошталық мекен-жайы (ашылмаған конкурстық өтінімді қайтару мақсатында, егер ол «кешіккен» деп танылса).
2) конкурсты ұйымдастырушының толық атауы және пошталық, электрондық мекен-жайы:
Индекс: 041422, Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы, Ұлтарақов көшесі 48, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі.
Байланыс телефоны: 8 72 777 27673, 2-76-80, 2-76-85.
Электрондық пошта: e-mail: kolsai-07@mail.ru.
Конкурстық өтінімді ұсыну орны мен мерзімі
- Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта арқылы жолданады. Индекс 041422, Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы, Ұлтарақов көшесі 48, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің кабинеті. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың «___» ______күні сағат 18-00 минутына дейін.
- Конкурсты ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған барлық өтінімдер қабылданбайды, ашылмайды және оларды ұсынған әлеуетті қатысушыларға қайтарылады.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
- Әлеуетті қатысушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.
Конкурстық өтінімдерді ұсыну
- Конкурстық өтінімдер осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы тиіс.
5 тарау. Конкурстық өтінімдерді ашу және бағалау
Конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуы
- Қатысып отырған әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері әлеуетті қатысушыларды тіркеу журналына тіркелуі тиіс.
- Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуды қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атауын және орналасқан жерін, олар қатысуды жоспарлап отырған лоттардың атауын, конкурсқа ұсынылған құжаттардың тізбесін бір мезгілде жариялай отырып, комиссия хатшысы жүзеге асырады.
- Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттерді ашу күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды, оның куәландырылған көшірмелері конкурстық қатысушыларға ұсынылады.
Конкурстық өтінімдерді алдын ала зерделеу және қараcтыру
- Комиссия конкурстық өтінімдерді бағалауды конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
- Басқа үміткерлер болмаған кезде, егер конкурсқа жалғыз қатысушы осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынса, ол конкурс жеңімпазы деп танылады.
- Егер комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келмейді деп таныса, конкурс өткізілмеді деп есептеледі.
- Конкурс жеңімпазын оның қатысушылары арасынан таңдау комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда комиссия отырысында жүргізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
- Комиссия мүшесі комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндайды және ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс қорытындысының хаттамасына қоса береді.
6 тарау. Конкурс қорытындылары және шарт жасасу
- Әрбір лот бойынша конкурс қорытындыларының хаттамасына қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері, хатшы қол қояды және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтініш берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
3) қысқа мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері мен алаңы;
4) конкурстық өтінімдерді бағалау;
5) комиссия шешімі.
- Конкурс қорытындылары хаттамасының негізінде ұлттық парк жеті жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес конкурс нәтижелері және қысқа мерзімді пайдалану шартын (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы ұлттық парк учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып танылады.
- Конкурс жеңімпазының оған шарт жасасу үшін хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парк учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады. Бұл жағдайда комиссия ұлттық парк учаскесін қысқа мерзімді пайдалану бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған конкурстың қалған қатысушыларының ішінен жеңімпазды айқындайды не осы лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі конкурсқа шығарылады.
- Ұлттық парк конкурстың нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын конкурс өткізу туралы хабарландыру берген бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
- Конкурсқа қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурс нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.