Негіздеме: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 2022 жылғы 28 қазандағы № 27-5/268-НҚ Бұйрығы.
Жұмыс тобының құрамы: А.Р.Рахматуллин -жобалық кеңсенің әкімшісі, Т.Б. Ибраимов - ЭГТРМ заң қызметі департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы,А.Е. Құсайынова - КЛХЖМ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, А.О. Абдрахманов - КЛХЖМ жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы, С.Е. Байкетаев - орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, А.Д.Жақыпова - бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, Ф.А.Раисова - құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, А. Қ. Қалықов - құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, Г.М. Аблаева-құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер бойынша:
Персоналды басқару жөніндегі қызметті зерделеу
Комитеттің штат кестесіне сәйкес 46 бірлік көзделген, оның ішінде: төраға-1 бірлік, төрағаның орынбасары-3 бірлік, басқарма басшылары-6 бірлік, бас сарапшылар – 31 бірлік, Сарапшылар — 5 бірлік ішкі талдау жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша нақты саны 44 бірлік, Бос орындар – 2 бірлік, уақытша бос орындар-2 бірлік.
Аумақтық инспекциялардың штаттық кестесіне сәйкес – 163 бірлік, инспекция басшылары -17, басшы орынбасарлары -12, бөлім басшылары -39, бас мамандар – 94 бірлік көзделген. Нақты саны – 143, бос жұмыс орындары – 20.
33 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде тәртіптік жаза түрлері бойынша: толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту – 3, сөгіс – 14, ескерту – 16. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.
Қызметкерлерді оқыту, олардың біліктілігін арттыру мерзімдері мен тәртібі «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен регламенттелген. 2022 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша 38 адам оқудан өтті, оның ішінде: біліктілікті арттыру – 32, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – 6 адам.
1.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Ішкі талдау жүргізу барысында жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі анықталмады. Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі, сондай-ақ лауазымды адамдар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ. Талданған кезеңде мүдделер қақтығысы, қызметкерлердің жеке мүдделері арасындағы қайшылықтар, онда жеке мүдделер олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкелуі мүмкін фактілер анықталмады.
1.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті зерделеу
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Комитет және Комитеттің аумақтық бөлімшелері мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге міндетті. Барлық мемлекеттік қызметтер бойынша оларды көрсету процесін регламенттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілген.
11 (он бір) мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылғанын ескере отырып, олар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Сонымен қатар, 1 (бір) қызмет (ағаш кесу және орман билетін беру) ішінара автоматтандырылғандықтан көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының байланыс бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.
Талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша, атап айтқанда "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру"қызметі бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұл соңғы жылдары осы қызмет бойынша өтінімдер санының артуына байланысты. Инспекция қызметкерлерінің келіп түскен өтінімдерді уақтылы тіркеуге және қарауға мүмкіндігі жоқ. Ағымдағы жылдың басында келіп түскен өтінімдер саны күніне 1000 өтінімді құрады (күніне 300-ден 800 өтінімге дейін). Күніне көбірек өтінімдер келіп түсуіне және олардың жинақталуына қарай, мемлекеттік қызметтер көрсетудің кешіктірілуіне жол бермеу, инспекция қызметкерлерінің өтінімдерді тіркеуі және өңдеуі жұмыс уақытынан тыс уақытта жүргізілді. «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген 2 жұмыс күні жеткіліксіз. Интернет желісінің төмен жылдамдығы және жұмыс уақытында Е-лицензиялау порталының жиі үзілістері Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдеріне әсер етеді. Осы мәселелерге байланысты аңшылар арасында әлеуметтік шиеленіс туындайды және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар жиілеп кетті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алғышарттарын көрсетуі мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызмет көрсету:
ЕҚТА-ға кіргені үшін төлемді келушілер банктер бөлімшелері, Қазпошта бөлімшелері арқылы енгізеді, ал ЕҚТА аумақтарында қызмет көрсеткені үшін ақы бақылау-кассалық машиналар арқылы, қолма-қол ақшамен алынады, бұл белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.
1.3. Бақылау функцияларының тәуекелдері.
Комитет орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ЕҚТА саласында мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері:
3) жануарлар дүниесi объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;
4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт пен рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журнал);
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;
7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
5) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердiң сақталуына;
7) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын орындауына;
8) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды жасау тәртібінің сақталуына.
Инспекция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізген кезде бұзушылармен байланыс сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою үшін әрбір қызметкерді жеке бейнетіркегішпен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, байланыс жоқ жерлерде бұзушылық фактілері анықталған кезде инспекторлық құрам бір жыл ішінде қайталануын тексеру проблемасына тап болады, ол үшін адам мерзімі өтпеген әкімшілік жазаға тартылған біртекті әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
Сонымен қатар, әкімшілік материалды қағаз тасығышта жасау да сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ие, себебі инспектордың қағаз тасығыштағы материалды бүлдіруге не оны жоюға мүмкіндігі бар.
1.4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдер
Уәкілетті орган тарапынан талдау жүргізу кезеңінде комитеттің жарияланған конкурстарына камералдық бақылау мониторингі (тексеру) кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының заңсыз әрекеттеріне әлеуетті өнім берушілер уәкілетті органға шағымдар болды, камералдық бақылау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілерге олардың шағымдарын қанағаттандырудан бас тартылған.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар комитеттің қызметінде ағымдағы жылы анықталған жоқ.
Жарияланған хабарландырулар бойынша мемлекеттік сатып алу тәсілдерінің арақатынасы:
|
тәсіл
жыл |
конкурс |
алдын ала біліктілігі бар конкурс іріктеу |
баға ұсыныстарын сұрау |
Бір көзден |
Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден |
|
2022 |
268 184 463,25 (47 лот) |
20 744 146,88 (35 лот) |
74 463 387,16 (888 лот) |
11 020 073 382,60 (138 лот) |
671 726 641,6 (505 лот)
|
Анықтама: бір көзден келісім шарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес қатаң түрде жасалды:
1-тармақша. табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен қоса электр энергиясын сатып алу-сату;
2-тармақша. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (шарттар жасасу кезеңіндегі редакцияда);
16-тармақша. мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;
27- тармақша. монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы;
36-тармақша Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
48-тармақша тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
53-тармақша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдардың), күзету және оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
2.1.«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңының 33-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес аң аулау құқығы жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi, ал «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына сәйкес 8-тармақтың 2,3-тармағына сәйкес әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар : жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат және аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары болуы тиіс делінген.
2.2. Бүгінгі таңда «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарда уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылатын аңшылық шаруашылықтары субъектілерінің есептілік нысаны жоқ. Осыған байланысты аңшылық шаруашылығын жүргізуге қатысты қандай да бір ақпаратқа сұрау салу мүмкін емес, өйткені Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес ақпаратқа сұрау салу тексеру болып табылады.
2.3. Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 19-бабына сәйкес орман қорын қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау - қадағалау және байқау жолымен жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында тексерулерді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 19-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Алайда, бақылауларды жүзеге асыру тәртібі белгіленбеген, осыған байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды.
2.4. ҚР ӘҚБтК-нің 366-бабында орман қоры жерлерінде заңсыз қирату, құрылыстар салу, ағаш өңдеу, қоймалар салу жазасына - "ескерту" немесе айыппұл таңдау мүмкінді сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. Сондай-ақ, осы бап бойынша залалды анықтау көбінесе қиынға соғады.
ҰСЫНЫМДАР:
5.Орман қорын қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы байқаулар тәртібінің қағидаларын әзірлеу қарастырылсын;
6.ҚР ӘҚБтК-нің 366-бабына Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар орналастыру бойынша "ескерту" деген сөзді және осы баптың ескертпе бөлігіндегі « Осы кодекстің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады» деген сөздерді алып тастау бойынша өзгеріс енгізу қарастырылсын;