Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен Жаһандық Экологиялық Қордың (ГЭФ-7) Траст қорының әкімшісі ретінде Қазақстандағы ландшафттарды қалпына келтіру жөніндегі ВБ-ГЭФ-7 жобасы бойынша шығыстарды жабуға қаржы алды.
Қазақстанда ландшафттарды қалпына келтіру бойынша ВБ-ГЭФ-7 жобасын іске асырудың мақсаты пилоттық жобаларды жүргізу және жердің тозуын бейтараптандыруға бағытталған институционалдық және техникалық қолдау көрсету арқылы қоғамдастықтар мүддесінде нысаналы аймақтардағы ландшафттарды қалпына келтіру бойынша елдің әлеуетін арттыру болып табылады.