«Көкшетау» МҰТП конкурстар туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі 54 мекенжайы бойынша орналасқан «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»  республикалық мемлекеттік мекемесі   туристік және рекреациялық қызметті дамыту мақсатында уақытша объектілерді орналастыру үшін  жер телімдерін қысқа мерзімді пайдалануға береді: 

Барлық телімдер Ақмола облысы, Зеренді ауданының Зеренді филиалының аумағында Зеренді орманшылығында орналасқан, оның ішінде:

- №12 лот – «Кемпинг №1» объектісін орналастыру, жер телімнің алаңы – 1,0 га, орналасуы – 267 орам, 34 телім.

- № 13 лот - «Балалар кемпингі» объектісін орналастыру, жер телімнің алаңы -1,1 га, орналасуы – 267, 23,34 телім. 

- №17 лот - «Кемпинг №2» объектісін орналастыру, жер телімнің алаңы - 0,5 га, орналасуы – 267 орам, 14,23,34 телім. 

-№18 лот – «№1 демалыс аймағы (жағалау аймағы)», жер телімнің алаңы -- 3,8 га, орналасуы – 267 орам,   14,23,34 телім.   

-  №19 лот - «№3 демалыс аймағы» объектісін орналастыру, жер телімнің алаңы - 1,18 га, орналасуы – 117 орам, 1,39 телім, 88 орам, 1,4,9 телім.    

-  №20 лот -  «№4 демалыс аймағы» объектісін орналастыру,   жер телімнің алаңы - 1,0 га, орналасуы - 88 орам, 1,2,3 телім.

    №21 лот – «№5 демалыс аймағы» объектісін орналастыру,    жер телімнің алаңы - 1,1 га, орналасуы - 88 орам, 1,3,9,10 телім.

Аталған лоттар бойынша конкурстық құжаттамалар «Көкшетау» МҰТП РММ ресми интернет ресурсында жарияланған: gnppkokshetau.kz/

Өтінімдер Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 05.03.2022 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларының 47 тармағына сәйкес болуы тиіс.

Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға қолма қол немесе пошта арқылы мөрленген конвертте келесі мекенжай бойынша ұсынылады:Ақмола облысы, 020000 Көкшетау қ., Темірбеков к. 54, тел: 8(7162) 26-94-54 (ішкі 108), туризм және экологиялық ағарту бөлімінің кеңсесі, конкурстық комиссия хатшысының электрондық мекенжайы – kokshepark@mail.ru.  

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 21.11.2022 жылғы  14-30 сағатқа дейін.

Конкурстарды өткізу уақыты: 21.11.2022 жылғы 15-00 сағат.

Конкурстарды өткізу орны: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Темірбеков к. 54, өткізу нысаны – офлайн.

 

 

       

 

 

 

 

Дата публикации
20 октября 2022