Тендер туралы хабарландыру Көкшетау МҰТП

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекеме күрделі және уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға көзделген туристік және рекреациялық қызметті дамыту мақсатында жер телімін ұзақ мерзімді пайдалануға береді: 

- №34 лот – телекоммуникациялық байланыс жабдықтарын орналастыруға арналған №2 автоматты телефон станциясының  және сервисті қамтамасыз ету үйі үшін құрылысы.

Жер телімінің алаңы - 0,15 га, орналасқан жері - Шалқар  филиалы, Шалқар орманшылығы, 3 орам, 32 телім.

        Өтінімдер Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 05.03.2022 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларының 23 тармағына сәйкес болуы тиіс.

        Тендерлік құжаттама  «Көкшетау»МҰТП РММ ресми интернет ресурсында жарияланған: gnppkokshetau.kz/

Тендерлік өтінімдер тендер ұйымдастырушыға қолма қол немесе пошта арқылы мөрленген конвертте келесі мекенжай бойынша ұсынылады:

Ақмола облысы, пошта индексі 020000, Көкшетау қ., Темірбеков к. 54, тел: 8(7162) 26-94-54 (ішкі 108), туризм және экологиялық ағарту бөлімінің кеңсесі, конкурстық комиссия хатшысының электрондық мекенжайы – kokshepark@mail.ru.  

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 14.11.2022 жылғы  9-30 сағатқа дейін.

Дата публикации
11 октября 2022