«Жануарларға жауапкершілікпен қарау»
Заңы аясындағы өзекті сұрақтар мен жауаптар
|
№ |
Сұрақтар |
Жауаптар |
|
1 |
Иттерді аулау кезінде оларды жансыздандыру заңды ма және басқа да балама әдістер бар ма? |
ҚР "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес иесіз жануарлардың санын кез-келген тәсілмен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынады. Заңның 15-бабына сәйкес оларды мына жағдайларда жансыздандыруға жол беріледі: Жануарларды жансыздандыруға: 1) егер жануарлардың физикалық қиналуын өзгеше тәсілмен тоқтату мүмкін болмаса, жануарлардың физикалық қиналуын тоқтату үшін; 2) жануарлардың жаңа туған төлінде ауытқулар мен кемістіктердің анық білінген белгілері болып, ол тіршілік етуге қабілетсіз болған кезде; 3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жабайы жануарлардың санын реттеу мен аң аулау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу кезінде; 4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда; 5) адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде жол беріледі. 2. Жануарларды жансыздандыру кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс: 1) жансыздандыру жүргізілетін үй-жай басқа жануарлар ұсталатын үй-жайдан бөлек болуға тиіс; 2) жансыздандыру жануарлардың өлім алдындағы физикалық қиналуын болғызбайтын әдістермен жүргізіледі; 3) жануарларды тұншығудан, электр тоғынан, термиялық әсерден, уланудан, оның ішінде пестицидтермен уланудан өлуге алып келетін, жансыздандырудың адамгершілікке жат әдістерін және басқа да ауырсыну тудыратын әдістерді қолдануға тыйым салынады.
|
|
2 |
Жануарларға қатыгездік танытқан жағдайда қандай жаза қолданылуы мүмкін?
|
2022 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабына түзетулер енгізіліп, онда жануарлардың өлуіне әкеп соққан қатыгездік үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделген. Сондай – ақ, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-1-бабында жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға-жиырма, лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі ең жоғары жаза көзделген. |
|
3 |
Қаңғыбас жануарларды кімдер аулайды? |
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы "ҚР Заңының 9-бабының 1-бабының 1-тармақшасына, 9-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына, 1-бабына және 25-бабына сәйкес, аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мемлекет, жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, халыққа білім беру іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен бекітілген Жануарларға қарау қағидаларының 17-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаңғыбас жануарларды аулауды және реттеуді биостерилизациялау әдістерімен жүзеге асырады. |
|
4 |
Интернет-ресурстарда қаңғыбас иттерге қатысты шағымдар жиілеп кетті. Неліктен оларды атпайды? |
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) жануарларға ізгілікті қарау идеологиясын негіздейді. Сондай-ақ, жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаларының бірі-жануарларға ауырсыну мен физикалық азапты сезінуге қабілетті тіршілік иелері ретінде қарау. Бұл ретте Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаңғыбас жануарлардың санын кез келген тәсілмен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Заңның 15-бабында жануарларды жансыздандыруға жол беріледі: жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда; адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде жол беріледі. Осыған байланысты, мемлекеттің халықты, оның ішінде агрессивті қаңғыбас жануарлардан қорғау құралдары бар. Бұл тәсіл Конституцияның ережелеріне сәйкес келеді, оған сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Сонымен қатар, қаңғыбас иттерді аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Биылдан бастап жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) қаңғыбас жануарларды стерильдеуді жүргізуі тиіс, бұл олардың санын және тиісінше адамдарға шабуыл жасау жағдайларын айтарлықтай азайтады. Заңның 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және 25-бабына сәйкес ЖАО қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жануарларға арналған жеке баспаналарды бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асыру құқығына ие. Сонымен бірге, Заңның 13-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жануарларды өсіру кезінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жануарларды бағуға қойылатын жалпы талаптар ескерілуі тиіс және жануарлардың ұрпақтары үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкін болмаған кезде жануарлардың иелері және (немесе) жауапты адамдар оларды стерильдеуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Заңның 22-бабына сәйкес, мінез-құлқын бақылауға қабілетсіз, оның ішінде алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамдардың үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады, сондай-ақ жануардың иесі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын сақтауға міндетті. Үй жануарларын асырауға және серуендетуге қойылатын талаптар бұзылған кезде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-2 – бабында жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға-жиырма, заңды тұлғаларға-отыз айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза көзделген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – жеке тұлғаларға жиырма АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. |
|
5 |
Үй жануарларын серуендеуге қай жерлерде тыйым салынады?
Тыйым салынған жерлерде серундеген жағдайда жануарлардың иелерәне жаза бар ма? |
Заңның 22-бабына сәйкес, Үй жануарларын серуендету жеке тұлғалардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылуға тиіс. 2. Жануардың иесі және (немесе) жауапты адам қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтауға міндетті. 3. Иттердің өз бетінше серуендеуіне тыйым салынады. 4. Үй жануарларының мінез-құлқын бақылай алмайтын, оның ішінде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың оларды серуендетуіне тыйым салынады. 5. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз серуендетуге тыйым салынады. Осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбасы жасалуға тиіс. 6. Он алты жасқа толмаған адамдарға жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады. Бұл ретте серуендету орындары мен үй жануарларын серуендетуге тыйым салынатын орындарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары айқындайды. Осыған байланысты аталған мәселе бойынша әкімдіктерге жүгіну қажет. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-2 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Заңнамасында белгіленген үй жануарларын күтіп – бағуға және серуендетуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға-жиырма, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. |
|
6 |
Жоғалған жануарлардың иелерін кім іздейді? |
Жануарда үйсіндіру белгілері (жақа, есепке алу бұйымы (құралы), күтім жасау), болған кезде жануарды есепке алу иесін іздеу арқылы жүргізіледі. Бұл үшін, жануардың иесін іздеу мақсатында және жануарды суретке түсіру бойынша көмек көрсету үшін волонтерлерге уақытша ұстау пунктіне қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Егер жануар үй жануары ретінде есепке қойылса, жануарларды есепке алу бұйымдары (құралдары) болса, аулау қызметінің қызметкерлері ақпараттық жүйе арқылы иесін іздеуді жүзеге асырады. |
|
7 |
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы Заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды кім жүргізеді? |
Заңның 27-бабына сәйкес, Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық инспекторлар және жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
|