Ұлытау облысында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар өткізілді

Ұлытау облысында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар өткізілді

2025 жылғы 12 наурызда Ұлытау ауданындағы Сарысу өзенінің резервтік учаскесінде балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар өткізілді. Жұмыстар балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қырылуын болдырмау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде орындалды.

Акцияға Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары және Ұлытау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатысты.

Іс-шаралар барысында 50 тесік бұрғыланды, қамыс баулары орнатылды, сондай-ақ сорғыларды пайдалану арқылы суды аэрациялау жүргізілді. Жұмыстарға барлығы 15 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Су биоресурстары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.